Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 сәуірдегі № 535
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1732 қаулысы

ҚР Үкіметінің 19.04.02 ж. № 451 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 сәуірдегі № 535 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

          Жәкішев                             - Қазақстан Республикасының
          Мұхтар Еркінұлы                       Энергетика және минералдық
                                                ресурстар вице-министрі;
          Белоруков                           - Қазақстан Республикасының
          Николай Васильевич                    Әділет вице-министрі;

көрсетілген құрамнан Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы, Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі