Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының
жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік
қоғамдарда дивидендтерді есептеу мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қазан N
1367

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 24 cәуірдегі № 404 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды

Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарды одан әрі дамытуды ынталандыру, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарға қоғамның таза кірісінің 10 пайызын 2000-2003 жылдар кезеңіне дивидендтер төлеуге бағыттауға рұқсат етілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:

1) мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен жетілдіруге бағыттауды қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі