Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауіпсіздіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1240 қаулысы

(2020.31.12. берілген өзгерістермен)

 

Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Семсер» жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - «Семсер» ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын.

ҚР Үкіметінің 16.07.03 ж. № 700 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды

2. «Семсер» ЖАҚ-тың оқу орталығы күзет қызметі субъектілерін даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығы ретінде (келісім бойынша) белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Семсер» ЖАҚ-та қызметтік қару сатып алуға және күзет дабылдатқышын құрастыру, оңдау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берсін.

4. ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 960 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары