Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 12 қыркүйектегі № 1177 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1404 қаулысымен күші жойылды

Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

"7502 Өңделмеген никель" деген жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

Қ. Тоқаев