Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983  қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегі № 1133 қаулысы

 

ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына Өтембаев Ержан Әбілқайырұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі