Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы №
1180 және 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 тамыздағы № 1108 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада:

"2. Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру" тарауында:

"2.2. Сыртқы сектор статистикасы" бөлімінде:

"2.2.1 Сыртқы сауда статистикасы" бөлімшесінде:

6-тармақта:

3-бағандағы "Кеденком" деген сөзден кейін "Статистика агенттігі" деген сөзбен толықтырылсын;

4-бағандағы "2000" саны "2002 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 2-тармақшаның күші жойылды

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 140-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

"3-басымдық. Экономикалық өсу" тарауында:

"3.5. сыртқы сауда саясаты" бөлімінде:

"3.5.2. Экспорт пен импорттың құрылымы мен жағрапиясын жақсарту арқылы сыртқы сауданы дамыту" бөлімшесінде:

реттік нөмірі 3.5.2.12-жолдағы 5-бағандағы "Тоқсан сайын" деген сөздер "2002 жылғы 1-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі