Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 17 шілдедегі № 966 қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің  2007 жылғы 14 қыркүйектегі   № 807  қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 15, 134-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

     1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

"мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін";

2-тармақта "5 сыйлық санында" деген сөздер "6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтың екінші абзацы "Комиссия" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ережеде:

3-тармақтың үшінші абзацы "және" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақта:

бірінші абзацтың екінші сөйлемінде "Мемлекеттік сыйлықтар" деген сөздер "жеке бір Мемлекеттік сыйлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда "бес" деген сөздер "алты" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі