Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 12 шілдегі № 951 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды

 

Бұр. ред. қара

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы» бөлiмi алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-166-жолмен толықтырылсын:

     «470-166. «Үлгi-тәжiрибелiк орман
     көшеттiгi» республикалық                         Алматы облысы,
     мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық                Еңбекшiқазақ
     жүргiзу құқығында)                               ауданы»;

2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі