Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 маусым № 898
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 160-3-160-7-жолдармен толықтырылсын:
"160-3. АЛА-001048 "Көліктелеком" ААҚ;
160-4. СТЛ-000070 "Көліктік сервис орталығы" ААҚ;
160-5. АЛА-003846 "Теміржолқұрылыс" ААҚ;
160-6. АЛА-005184 "Жолжөндеу" ААҚ;
160-7. АЛА-001035 "Қазтеміржолкөлікжобалау" ААҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі