Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің «Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 582 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің «Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Масғұт Айқымбаевтың есімі берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің «Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік кәсіпорындар» 2-бөліміндегі реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
,