Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 564 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

Ақмола облысының орталығы қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайлардың және оларда орналастырылатын мемлекеттік органдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-жолмен толықтырылсын: "32. Ақмола облысы 1126,5 Астана қаласының бойынша мемлекеттік әкімшілігі мұрағат, Әуезов көшесі, 43/1 ".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі