Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі № 498 қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

     Ахунов                   - Қазақстан Республикасының
     Салтан Талғатұлы           Ұлттық қауіпсіздік комитеті
                                үкіметтік байланыс қызметінің
                                директоры (келісім бойынша);
 
     Ержанов                  - Қазақстан Республикасының
     Бақыт Ахметұлы             Энергетика және минералдық
                                ресурстар министрлігі
                                лицензиялау, мемлекеттік тіл және
                                аударма басқармасының бастығы;
 
     Тұрғанқұлов              - Қазақстан Республикасы
     Ардақ Қасымқұлұлы          Президентінің Іс Басқармасы
                                ақпарат және компьютерлендіру
                                секторының меңгерушісі
                                (келісім бойынша);
 
     Молчанов                 - Қазақстан Республикасының
     Сергей Николаевич          Ұлттық Банкі Ақпараттық
                                технологиялар департаменті
                                директорының міндетін атқарушы
                                (келісім бойынша);
 
     Лукин                    - Қазақстан Республикасының
     Михаил Иванович            Парламенті Шаруашылық басқармасы
                                бастығының орынбасары (келісім бойынша);

көрсетілген құрамнан Поликарпов Олег Юрьевич, Нефедов Петр Петрович, Дүтбаев Нартай Нұртайұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі