Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 455 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтiк үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

4-бағандағы реттiк нөмiрi 5-жолдағы "Қорғаныс министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-бағандағы реттiк нөмiрi 30-жолдағы "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі