«Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы №
285 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. «Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінiң «Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын;

3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі