Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 236 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Жандосов Ораз Әлиұлы           - Қазақстан Республикасы
                                      Премьер-Министрінің
                                      орынбасары, төраға
 
     Палымбетов Болат Әбілқасымұлы  - Қазақстан Республикасының
                                      Экономика және сауда вице-министрі
 
     Ким Георгий Владимирович       - Қазақстан Республикасы Бас
                                      прокурорының орынбасары
                                      (келісім бойынша);
 
     Түзелбаев Нұрғали Ошпанбайұлы  - Қазақстан Республикасы
                                      Қаржы полициясы агенттігі
                                      төрағасының бірінші орынбасары;
 

көрсетілген құрамнан Серік Ахметжанұлы Аханов, Анатолий Васильевич Константинов, Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі