Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі № 1389 Қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақта:

мыналар Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

     Кәрібжанов Қайрат           - Қазақстан Республикасының Көлік,
     Сәлімұлы                      коммуникациялар және туризм
                                   вице-министрі
 
     Нигай Эдуард                - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Михайлович                    жағдайлар жөніндегі агенттігінің
                                   Астана қаласындағы уәкілетті өкілі
 
     Тәжияқов Бисенғали          - Қазақстан Республикасының
     Шамғалиұлы                    Ұлттық Банкі төрағасының
                                   орынбасары (келісім бойынша)
 
     Өртембаев Асқар             - Қазақстан Республикасының
     Қалмұхаметұлы                 Премьер-Министрі орынбасарының
                                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                   министрінің кеңесшісі, хатшы
 
     "Дробжев Виктор Иванович    - Қазақстан Республикасының
                                   Ғылым министрлігі - Ғылым
                                   Академиясы Мемлекеттік ғылыми-
                                   техникалық сараптама және
                                   ақпараттық инфрақұрылымдар
                                   департаментінің директоры"

деген жолдағы "ақпараттық" деген сөз алынып тасталсын;

"- Ғылым академиясы" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен ауыстырылсын;

Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы, Абдулина Нәйла Құрманбекқызы және Нұр-Ахмет Досмұхамет көрсетілген құрамнан шығарылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

I "Жалпы ережелер" тарауының 2-тармағында:

"Көлік, коммуникациялар министрлігінің" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің" деген сөздермен;

"- Ғылым академиясының" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен;

"Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тараудағы 12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" деген сөздер "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі