"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 140-II Қазақстан
Республикасының Заңы
1-бап. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; № 20, 731-құжат; № 21, 783-құжат; № 23, 916, 928, 930-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
екінші абзацтағы "атқарушы" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзац "ақша қоры" деген сөздерден кейін "(қалыптастыру көздерiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындап, Қазақстан Республикасының Президенті құратын қорлардан басқа, бұл қорлар қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне хабарланады)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"бюджеттік кредиттеу (кредиттеу) - белгіленген тәртіппен бюджеттен жеке және заңды тұлғаларға, төмен тұрған бюджеттерге қайтарымды және ақылы негізде ақша бөлу. Төмен тұрған бюджеттерді кредиттеу заңдарда көзделген жағдайларда тегін жүзеге асырылуы мүмкін;";
сегізінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен" деген сөздер алып тасталсын;
оныншы абзац "және жобаларды іске асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"уақытша бос бюджеттік ақшалар - ағымды жылғы бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттердің ағымдағы шоттарында қалған қаражат қалдықтары;";
он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi атқарушы органның борышы - жергiлiктi атқарушы органның алынған және өтелмеген заемдарының, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi органның шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органның борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге борыш мiндеттемелерiнiң сомасы;";
мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"бiрыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырылған түрде жүзеге асыру және олардың күнделiктi есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылатын шот;";
он алтыншы абзацтағы "облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетiншi абзацтағы "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бюджет профицитiн пайдалану - заем қаражатының түсiмдерiн және қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын шегергендегi негiзгi борыштың сомасын өтеу көлемi;";
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"кассалық алшақтық - қаржы жылының iшiнде шығыстар мен кредиттеу, негiзгi борыш сомасын өтеу көлемiнiң қаржы жылының бас кезiнде бюджетке түсiмдер, заемдар, бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемiнен асып кетуi;";
он тоғызыншы абзац алып тасталсын;
жиырмасыншы абзацтағы "арнаулы экономикалық аймақтардың қаржы қорлары (бюджеттерi)," деген сөздер алып тасталсын;
жиырма бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi бюджеттік бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң құрамында жергiлiктi өкiлдi орган бекiтетiн мемлекеттік мiндеттердi орындауға және жергiлiктi маңызы бар жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарлама;";
жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"үкiметтiк борыш - алынған және өтелмеген үкiмет заемдарының, сондай-ақ заң актілерімен үкiмет борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге борыш мiндеттемелерiнiң сомасы;";
жиырма сегiзiншi абзацтағы "үкiметтiк және үкiмет тартатын, соның ішiнде үкiметтiк кепiлдiк берiлген қаражаттарды экономиканың басым секторлары бойынша" деген сөздер "үкiметтiк және Қазақстан Республикасының Үкiметі тартатын қаражаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiмен тартылатын қаражаттарды экономиканың басым секторлары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық бюджеттік бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында Қазақстан Республикасының Парламентi бекiтетiн мемлекеттік мiндеттердi орындауға және республикалық маңызы бар жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарлама;";
мынадай мазмұндағы отыз үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары есептi кезеңдi ескере отырып ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджетке түскен ақшаны пайдаланбаудың салдарынан пайда болған өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттер қаражатының қалдықтары;";
отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бюджет тапшылығын қаржыландыру - негiзгi борыштың сомасын шегергендегi заем қаражатының және қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарының бюджетке түсетiн түсiмдерiнiң көлемi;";
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Бюджеттi әзiрлеудiң негiзi
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары және жергiлiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес бекiтетiн тиiстi кезеңге арналған аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ұзақ мерзiмдi жоспарлау үшiн негiз болып табылады.";
3) 3-баптың 4-тармағындағы "қалыптастыру" деген сөз "әзiрлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 4-бапта:
3-тармақтағы "ұлттық компаниялар түсiмдерiнің" деген сөздер "мемлекеттік акциялар пакетi бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсiпорындардан алынатын түсiмдердiң толық тiзбесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "жоспарының" деген сөзден кейiн ", аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "жариялылығы" деген сөзден кейiн "бекітілген бюджеттер мен" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Заңмен және басқа да заң актілерiмен кiрiстердi республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында бөлу нормативтерiн, облыстық өкiлдi органдардың шешiмдерiмен кiрiстердi облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң арасында бөлудің тұрақты нормативтерiн белгілеуге;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының заң актілерімен республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялардың және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке берiлетiн бюджеттік алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн, облыстық өкiлдi органдардың шешiмдерiмен - облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттік алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн белгiлеуге;";
3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржыларды басқаруға жауап беретiн уәкiлеттi мемлекеттік органымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергiлiктi бюджет туралы жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн белгiлеуге;";
6) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң және бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтiн нормативтiк құқықтық акт болып табылады.
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама:
кiрiстер сыныптамасынан;
шығыстардың функционалдық сыныптамасынан;
шығыстардың экономикалық сыныптамасынан тұрады.
Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiтедi.";
7) 7-бапта:
1) тармақшадағы "(арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына (бюджеттерiне) есептелетiн сомалардан басқа)" деген сөздер алып тасталсын;
а) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы;";
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, көрсетiлген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге салынатын қосылған құн салығы;";
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%;";
жиырмасыншы абзац "арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатынынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма бiрiншi абзац "арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатынынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма бесiншi абзац алып тасталсын;
жиырма жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден бажы;";
мынадай мазмұндағы жиырма сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"әкетiлетiн тауарларға кеден бажы;";
отыз екiншi абзац "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "жергілiктi маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүрiп өткенi үшiн алымдардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
б) тармақшасында:
бесiншi абзацтағы "орталық атқарушы органдарға бағынысты" деген сөздер "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн лотереялардан алынатын кiрiстердi қоспағанда, мемлекеттік лотереялардан алынатын кiрiстер;";
оныншы абзацтағы "орталық атқарушы органдарға бағынысты" деген сөздер "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екiншi абзацтағы "орталық атқарушы органдарға бағынысты" деген сөздер "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацта "төлемдер" деген сөз "төлем" деген сөзбен ауыстырылсын;
он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы жерлерiн ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қойған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуден түсетiн түсiмдер;";
он жетiншi абзацтағы "орталық атқарушы органдарға бағынысты мемлекеттік мекемелер" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"республикалық маңызы бар мемлекеттік автомобиль жолдарының жиегiне сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн алынатын төлем;
тәркiленген мүлiктi, белгіленген тәртiппен республикалық меншiкке өтеусiз өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер, оның iшiнде мемлекеттiң пайдасына бас тартудың кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары;
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн бергенi үшiн төлем;
заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе өндiрiп алудан немесе мемлекеттік қызметтердi орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алудан алынатын сомалардың түсiмдерi; өнiмдердi лицензиясыз әкеткенi үшiн төленетiн айыппұл сомаларының түсiмдерi;
лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесi қызметтерiнен алынған кiрiстердi қоспағанда, өзiне лицензиялық тәртiп белгiленген лицензиясыз қызметтен алынған кiрiстерден түсетiн түсiмдер;
атқарушылық санкция.";
он тоғызыншы абзац алып тасталсын;
в) тармақшасының төртiншi абзацы алып тасталсын;
8) 8-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "облыстар" деген сөз "облыстар бюджеттерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
9) 9-бапта:
1-тармақта:
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
"республикалық деңгейдегi жалпы орта, орта кәсiптiк және қосымша білімдi;";
он үшiншi абзацтағы "арнаулы" деген сөз алып тасталсын;
он төртiншi абзацтағы "атқарушы" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн;";
он алтыншы абзацта:
"арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды" деген сөздер "заң актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын азаматтардың санаттарына осы жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге берiлетiн жәрдемақыларды;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"республикалық деңгейдегi әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы қызмет;";
жиырма екiншi абзац "өнеркәсiп" деген сөзден кейiн ", көлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен ұстауға жол берiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Республикалық бюджеттен шығыстар мен кредиттеудiң жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде шығыстар мен кредиттеудiң ең аз, шектi немесе тiркелген мөлшерлерiн белгілеуге жол берiлмейдi.";
10) 10-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
2-тармақта "өздерiнiң аумағында жұмыс iстейтiн арнайы экономикалық аймақтарды ескере отырып," деген сөздер алып тасталсын;
11) 11-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "(арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына (бюджеттерiне) есептелетiн сомалардан басқа)," деген сөздер алып тасталсын;
а) тармақшасында:
екiншi абзац "заңды тұлғалардан" деген сөздердiң алдынан "Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды тұлғаларға салынатын табыс салығынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%;";
мынадай мазмұндағы он төртiншi, он бесiншi және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда);
арнайы жабдықталған стационарлық пункттерден түпкiлiктi тұтынушыға сатылатын дизель отыны;
лотереялар өткiзуден алынатын акциздер;";
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуметтiк салық;";
он алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүрiп өткенi үшiн алымдар;";
б) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындар пайдасының үлесi;";
үшiншi абзацтағы "жергiлiктi өкілдi органдардың лотереяларын өткiзуден" деген сөздер "жергiлiктi өкілдi органдардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттік лотереялардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацтағы "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға бағынысты мемлекеттік мекемелерге" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "жергiлiктi атқарушы органдарға бағынысты" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi абзацтағы "жергiлiктi атқарушы органдарға бағынысты" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қоршаған ортаны ластағаны үшiн 50% мөлшерiнде төленетiн төлемдер;"; он бiрiншi абзацтағы "50% мөлшерiнде" деген сөздер алып тасталсын;
он төртiншi абзац алып тасталсын;
он бесiншi абзацтағы "жергiлiктi атқарушы органдарға бағынысты мемлекеттік мекемелер" деген сөздер "жергiлiктi мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он алтыншы - жиырма екiншi абзацтармен толықтырылсын:
"жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік автомобиль жолдарының жиегiнде сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн төлем;
әкiмшiлiк қамауға алынған тұлғалар орындаған жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшiн ұйымдардан түсетiн түсiмдер;
медициналық айықтырғыштарға орналастырылған адамдардың төлемдерiнен түсетiн түсiмдер;
түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұсталатын түсiмдер;
стандарттардың талаптарына және сертификациялау ережелерiне сәйкес келмейтiн өнiмдердi сатудан, жұмыстар мен қызмет көрсетулерден алынған кiрiс сомасынан түсетiн түсiмдер;
лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесiнiң лицензиясыз қызметтерiнен түсетiн кiрiстерден алынған түсiмдер;
иесiз мүлiктi, белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтемсiз өткен мүлiктi, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер;";
в) тармақшасының төртiншi абзацы "тұрақты жер" деген сөздердiң алдынан "жер учаскелерi мен" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 12-бапта:
1-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi деңгейде мектепке дейiнгi, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi білім берудi, сондай-ақ жалпы орта және орта кәсiптiк және қосымша білім берудi;";
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергiлiктi деңгейде арнаулы білім беру бағдарламаларын;";
алтыншы және жетiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн;
жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды;";
мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"осы жәрдемақыларды заң актілеріне сәйкес жергiлiктi бюджеттен алатын азаматтар санаттарына берiлетiн арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды;";
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк қамсыздандыру жөніндегі iс-шараларды және атаулы әлеуметтiк көмектi;";
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi деңгейде мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтi;";
он екiншi абзацтағы "өнеркәсiп" деген сөзден кейiн ", көлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
он үшiншi абзац "оның iшiнде жергiлiктi мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорлары жүргiзетін iс-шараларды" деген сөздермен толықтырылсын;
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"елдi мекендердi абаттандыруды, елдi мекендердiң жолдары мен көшелерiн пайдалану мен салуды;";
он алтыншы абзац "пайдалану" деген сөзден кейiн ", салу" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және ағын суларды тазалау жөніндегі iс-шараларды;";
он тоғызыншы абзац алып тасталсын;
2-тармақта:
екiншi бөлiктегi "облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң актілерімен бекітілген" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, тиiстi жергiлiктi бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздерiнiң есебiнен ұстауға жол берiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жергілiктi бюджеттен шығыстар мен кредиттеудiң жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiміндегіден басқа, өзге де нормативтiк құқықтық актілерде шығыстар мен кредиттеудiң ең аз, шекті немесе тiркелген мөлшерлерiн белгiлеуге жол берiлмейдi.";
13) 13-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң құрамында:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат;
сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге арналған қаражат;
кассалық алшақтықты жабуға арналған төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнаулы резерв көзделедi.
Сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң құрамында көзделген қаражат толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда, соттың мұндай шешiмдерi бойынша өтелмеген мiндеттемелерi болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың тиiстi шешiмдерiне өзгерістер енгізу арқылы Қазақстан Республикасы Yкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң мөлшерлерiн ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгiзедi.";
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
3-тармақтағы "бюджет" деген сөзден кейiн "түсiмдерi" деген сөзбен толықтырылсын;
14) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу
1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Президентi Бюджет комиссиясын құрады, оның мiндеттерi мен жұмыс тәртібін белгiлейдi. Бюджет комиссиясы қызметiнiң құқықтық негiзiн осы Заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер құрайды.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеп, бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негiзiнде алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн бюджет комиссиясының мақұлдауына енгiзедi.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде мынадай болжамды көрсеткiштердi:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне түсетiн түсiмдердi;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының борышын өтеу және оған қызмет көрсету шығыстарының көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келiсуге ұсынады.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде бюджеттік өтiнiмдердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне енгiзедi.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының көрсеткiштерi негiзiнде, сондай-ақ облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң олармен келісілген болжамды көрсеткiштерiн, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн ескере отырып, республикалық бюджет жобасының мынадай негiзгi болжамды көрсеткiштерiн:
республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) деңгейіндегі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджет шығыстарының және оны кредиттеудiң көлемiн;
республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн айқындап, бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
7. Бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі енгiзген республикалық бюджет жобасының негiзгi болжамды көрсеткiштерiн, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң негiздемелерiн, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi енгiзген жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi қарап, республикалық бюджеттiң жобасын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу туралы ұсыныс әзiрлейдi.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етедi.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын мақұлдағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне осы баптың 4-тармағында көрсетiлген келісілген болжамды көрсеткiштердi жiбередi.
10. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.";
15) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік акциялар пакетi бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсiпорындардан алынатын түсiмдердiң толық тiзбесiн;";
төртiншi абзацтағы ", оның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беру үшiн арнайы резервiн" деген сөздер алып тасталсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасын;";
жетiншi абзац алып тасталсын;
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитi;";
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн;";
он екiншi абзац алып тасталсын;
он үшiншi абзацтағы "өтемiн" деген сөз "өтем сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 18-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, қарау және бекіту";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдар тапшылық көлемдерiнiң қаржы жылына белгiленетiн тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығын қаржыландыру көлемдерiне сәйкес келмегенi үшiн жауапты болады.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясын құрады, оның мiндеттерi мен жұмыс тәртібін айқындайды. Бюджет комиссиясы қызметiнiң құқықтық негiзiн осы Заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер құрайды.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жергілiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң жобасын әзiрлеу жөніндегі жұмыс жоспарын айқындайды.
Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару тәсiмiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы мынадай болжамды көрсеткiштердi:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетiне түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көлемiн қарап, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келiсу үшiн табыс ету туралы ұсыныстар әзiрлейдi.
Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi тиiстi бюджет комиссиясына бюджеттік өтiнiмдер енгiзедi.
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары параметрлерiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң болжамды көрсеткiштерiнiң, республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетiн субвенциялардың және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке берiлетiн бюджеттік алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiнiң негiзiнде, сондай-ақ аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын, облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттерi арасында кiрiстердi бөлудiң тұрақты нормативтерiн, облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн, аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берiлетiн бюджеттік алуларды ескере отырып, облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджет жобасының мынадай негiзгi болжамды көрсеткiштерiн:
облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
жергілiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша облыстық бюджет, Астана және Алматы қалалары бюджеттерi шығыстарының және оларды бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) деңгейiнде кредиттеу көлемiн;
облыстық бюджет, Астана және Алматы қалалары бюджеттерi тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiкті атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитiн;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көлемiн қалыптастырады және облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкіміне мақұлдауға табыс етедi.
Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлейдi, аудандардың, қалалардың бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң келісілген болжамды көлемiн аудандардың, қалалардың әкiмдерiне жеткiзедi және 1 қыркүйекке дейiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң болжамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетiнiң жобасын әзiрлеу үшiн аудан (қала) әкімі ауданның (қаланың) бюджет комиссиясын құрып, оның мiндеттерi мен жұмыс тәртібін айқындайды.
Жергiлiктi бюджеттiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тармақта:
екiншi абзацтағы "және бюджет тапшылығының (профицитiнiң)" деген сөздер ", бюджет тапшылығының (профицитiнiң) және бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитiн пайдаланудың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац алып тасталсын;
бесiншi абзацтағы "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органының, облыстың, Астана және Алматы қалаларының тиiстi қаржы жылының аяғындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көлемi;";
жетiншi абзац алып тасталсын;
тоғызыншы абзацта "оның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленгеннен төмен емес көлемдегi ерекше маңызды жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар" деген сөздер алып тасталып, "тiзбесi қамтылуға тиiс" деген сөздердiң алдынан "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзацтағы "өтеу" деген сөз "өтеу сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тиiстi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары мен аудандық (қалалық) бюджеттердiң әзiрлену және атқарылу процесiне, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының араласуына жол берiлмейдi.";
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы ", арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларының (бюджеттерiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер бойынша жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген мөлшерлерде жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.";
17) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
"18-1-бап. Жергiлiктi бюджеттi нақтылау тәртібі
1. Жергiлiктi бюджеттi атқарылуы барысында нақтылау осы Заңға сәйкес және заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында заң актілеріне сәйкес бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсу облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жазбаша өтiнiшi келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттi нақтылау кезiнде көзделетiн қосымша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды мәслихаттың тиiстi шешiмi қабылданғанға дейiн жүзеге асыруға құқығы жоқ.";
18) 19-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Республикалық бюджеттен кредиттеу";
2-тармақ "жергiлiктi бюджеттерге" деген сөздерден кейiн "кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген арнайы резерв шегiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі шешiмiнiң негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 21-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Жергiлiктi бюджеттен кредиттеу";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Облыстардың әкiмдерi қалалар (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) әкiмдерiнiң және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандар әкiмдерiнiң ұсынысы бойынша облыстық бюджеттен аудандық, қалалық бюджеттерге тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген кассалық алшақтықты жабуға төменгi тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резерв шегiнде кредиттер бере алады.";
20) 22-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы";
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацтағы "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған резервiнiң құрамында көзделген кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резервтiң есебiнен республикалық бюджеттен;";
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиістi қаржы жылының аяғындағы олардың борышының заңдарда белгiленген лимитiнен және осы борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемiнен асып түсуiне әкеп соқтыратындай мөлшерде қарыз алуына жол берiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының кассалық алшақтықты жабуға тек облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға құқығы бар.
Кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн және жергiлiктi бюджеттi нақтылауды қажет етпейдi.
Егер республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне (облыстық бюджеттерден аудандардың, қалалардың бюджеттерiне) кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттер белгiленген мерзiмде өтелмеген болса, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (облыс әкімі) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару үшiн тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ағымдағы шотындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.";
21) 24-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Республикалық бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады
Заң актілерінде көзделген жағдайларда республикалық бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
Заттай нысанда жүзеге асырылатын ресми трансферттер (гранттар) республикалық бюджетте көрсетiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен, Қазақстан Республикасының Президентi немесе Үкіметі бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес орталық атқарушы органдарға ақшалай нысанда берiлетiн ресми трансферттердiң (гранттардың) түсуi және олардың жұмсалуы жөніндегі операциялар республикалық бюджетте көрсетiлуге тиiс.
1-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыруға құқылы.";
2-тармақтың екiншi абзацындағы "не бюджет қаражатын қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарына инкассалық өкiмдер қою арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер:";
екiншi абзац "мiндеттемелердi" деген сөзден кейiн "бюджеттік ақшалардың есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "мемлекеттік мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы тәртібін белгiлеуге құқылы.";
22) 25-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
Заң актілерінде көзделген жағдайларда жергiлiктi бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар жергiлiктi бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi.
Заттай нысанда жүзеге асырылатын ресми трансферттер (гранттар) жергiлiктi бюджетте көрсетiлмейдi.
1-2. Жергiлiктi бюджеттiң кассалық атқарылуын жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органында тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ағымдағы шотының қаражаты есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырады.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бюджет қаражатын керi қайтарып алу бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қаржылық рұқсатындағы шығыстардың тиiстi ерекшелiгi бойынша ағымдағы қаржыландыруды қаржылық рұқсаттармен көзделмеген мақсаттарға бөлiнген қаражатты пайдалану сомасына азайту арқылы жүргiзiледi.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жергiлiктi бюджеттен ұсталатын мемлекеттік мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған бюджет заңы белгiлеген бюджеттік тағайындаулардың сомасынан артық бюджеттік ақшалардың есебiнен өздерiне мiндеттемелер алуға құқылы емес.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органдар төмен тұрған бюджеттердiң шығысын көбейтетiн не кiрiсiн азайтатын нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаса, бұл бюджеттерге қаражат жоғары тұрған бюджеттерден өтеледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық атқарушы органдарының облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шығыстарын көбейтетiн нормативтiк құқықтық актілері келесi қаржы жылынан ерте күшiне енбейтiндей болып белгiлене отырып қабылданады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жергiлiктi атқарушы органдар үшiн кез келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
Жергiлiктi атқарушы органдарға үшiншi бiр тұлғалар үшiн кез-келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi.
Мемлекеттік мекеменi жергiлiктi бюджеттердiң әртүрлi деңгейлерiнен ұстауға жол берiлмейдi.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алуға жатпайды.
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары қаржы жылының iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың негiзгi борышын өтеуге пайдаланылады.
Ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу жөніндегі мiндеттемелер болмаған жағдайда қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары бюджеттiң тапшылығын арттыру жолымен тиiстi жергілiктi бюджеттi нақтылау туралы жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi негiзiнде жергiлiктi бюджеттiң осының алдындағы қаржы жылдарының қорытындылары бойынша пайда болған кредиторлық берешегiн өтеуге, ал кредиторлық берешек болмаған жағдайда - жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалуы мүмкiн.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Жергiлiктi өкiлдi органдар әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару тәсiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдаған жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бюджеттi атқару барысында жергілiктi бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттік органдардың тiзбесiне және осы мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бағдарламалар бойынша бюджеттік тағайындаулар сомасына ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген бағдарламалар сомалары шегiнде өзгерістер енгізуге құқылы.";
23) 28-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мемлекеттік мекемелердiң тек қана бюджеттік шоттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда басқа да шоттары болуы мүмкiн.
Мемлекеттік мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында ғана шот ашады.";
24) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп беру
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 маусымынан кешiктiрмей түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге берiлген есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп республикалық бюджеттiң есептi жылға арналып бекітілген құрылымы бойынша табыс етiледi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң кiшi бағдарламалар деңгейiнде атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей жергілiктi өкiлдi органдарға түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге есептi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп жергiлiктi бюджеттiң есептi жылға арналып бекітілген құрылымы бойынша табыс етiледi. Аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша облыстың, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша мемлекеттік, республикалық бюджеттердің және облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң атқарылуы туралы айлық есептi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiне табыс етедi.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң бюджеттi атқару және бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау жөніндегі нормативтiк құқықтық актілерін басшылыққа алуға мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң атқарылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайынғы есептердi жариялап отырады.";
25) 30-баптың 2-1-тармағы "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |