Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден қорғау
жөніндегі ережені және Карантиндік объектілердің тізбесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1960 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 1 тамыздағы № 773 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңын және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ереже;

2) карантиндiк объектiлердiң тiзбесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1960 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік

объектілерден қорғау жөніндегі

ереже

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі осы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ереже

1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) карантиндiк тексеру (бұдан әрi - тексеру) - импорттық және отандық карантинге жатқызылған өнiмнiң (жүктердiң) және көлiк құралдарының карантиндiк жағдайын белгiлеу;

2) тексеру актiсi - карантинге жатқызылған өнiмнiң (жүктердiң) және көлiк құралдарының тексерiлген сәттегi карантиндiк жай-күйiн тiркейтiн, өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор беретiн ресми құжат;

3) карантиндiк хабарлама - карантинге жатқызылған материалдың алдағы келiп түсуi, оның карантиндiк жағдайы, сондай-ақ өткiзiлген іс-шаралар мен оны пайдалану шарттары туралы өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық мемлекеттік органды хабардар етушi құжат;

4) карантиндiк сертификат - Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде орын ауыстыратын және сатылатын, карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;

5) карантиндiк аймақ - карантиндiк объект байқалуына байланысты белгiленген тәртiппен карантин жарияланған аумақ;

6) карантинге жатқызылған өнiмдi қайта экспорттау (бұдан әрi - қайта экспорттау) - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өндiрiлген, сақталған, бөлiктерге бөлiнген, қайта қапталған немесе басқадай әдiспен әкету алдында карантиндiк объектiлермен әлеуетті залалдануға ұшыраған карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттау немесе Қазақстан Республикасында өндiрiлген өнiмдi басқа мемлекеттiң кедендiк аумағынан үшiншi елдерге экспорттау;

7) транзит - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы, сондай-ақ шетелдiк мемлекеттiң аумағы арқылы, карантинге жатқызылған өнiмдi сақтаусыз, бөлiктерге бөлмей, қайта қаптамай, карантиндiк объектiлермен залалдану қаупiнсiз карантинге жатқызылған өнiмнiң орнын ауыстыру;

8) өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның аумақтық органдары;

9) фумигациялау - газ түріндегі химиялық затпен карантиндiк өнiмдi залалсыздандыру;

10) фумигациялық камера - карантинге жатқызылған өнiмдi химиялық затпен залалсыздандыруға арналған арнайы герметикалық үй-жай;

11) алу актiсi - Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiппен және жағдайларда алуға жататын, залалданған, карантинге жатқызылған өнiмге (жүктер) мемлекеттік инспектор ресiмдейтiн ресми құжат;

12) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өнiмдерi, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен жәндiктер.

2. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегі мемлекеттік iс-шараларды жүргiзу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, оларды табуға, оқшаулауға және жоюға, өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізуге бағытталған.

3. Өсiмдiктер карантинi бойынша iс-шаралар:

1) ауыл шаруашылығы, орман және сәндiк дақылдарының тұқымдары мен отырғызылатын материалына, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiне (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкiн өсiмдiк тектi басқа да кез келген өнiмге;

2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушыларға;

3) жәндiктердiң, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекцияларына, тұқымдардың гербарийлерi мен коллекцияларына;

4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдарға, көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түрiне, буып-түю материалдарына, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдарға, топырақ құймалары мен үлгiлерiне;

5) өсiмдiк тектiлердi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлерге қолданылады.

2. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкелудiң, транзиттеудiң

тәртібі мен шарттары

4. Жеткізушi карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге немесе оның транзитiне шарттар жасасу кезiнде өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органнан карантиндiк шаралар туралы қажеттi ақпарат алады және карантиндiк объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн шарттарды көздейдi.

5. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасына әкелу, сондай-ақ оның транзитi тек шекаралық фитосанитарлық пункттерi бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде, мыналар:

1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органының импорттық карантиндiк рұқсаттары (1 қосымша);

2) экспортшы елдердiң ұлттық карантиндiк қызметтерiнiң фитосанитариялық сертификаттары болғанда жүзеге асырылады.

6. Импорттық карантиндiк рұқсаттар карантинге жатқызылған өнiм (жүктiң) иелерiнiң жазбаша түрде берген өтiнiшi негізiнде (өтiнiштiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi) берiледi.

7. Импорттық карантиндiк рұқсат алу үшiн жеке және заңды тұлға карантиндiк өнiмдi Қазақстан Республикасы арқылы транзиттi жүзеге асыруға дейiн 5 күн iшiнде немесе әкелуге дейiн 30 күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органына мынадай мәлiметтермен өтiнiм бередi:

1) Қазақстан Республикасына әкелiнетiн (транзиттелетiн) карантинге жатқызылған өнiмдi әкелудiң мақсаты және оның әр түрi бойынша жеке саны;

2) өнiмнiң арналып белгiленуi және қолданылу орны (мекен-жайы, ал транзит жүктерi үшiн - бағыты және белгiленген елi);

3) карантинге жатқызылатын өнiмдi импорттауды немесе транзиттеудi ұйғарған экспорттаушы елдiң атауы, сондай-ақ карантинге жатқызылатын өнiмдi шығарушы елдiң атауы;

4) карантинге жатқызылған өнiмнiң әкелiнуi белгiленген мерзiмдер немесе транзиттiк тасымалдаудың мерзiмi;

5) карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасына әкелiнетiн шекаралық фитосанитариялық пункттiң атауы;

8. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге (транзитке) өтiнiш иесi импорттық карантиндiк рұқсатты алуға берген өтiнiмiнде карантиндiк шаралардың өз есебiнен орындалуына кепiлдiк бередi. Бұл шараларды жүргiзудiң қажеттiлiгi өсiмдiктер карантинi бойынша бақылаудың нәтижесiнде анықталады.

9. Заңды және жеке тұлғалар карантиндiк объектiлермен карантиндiк өнiмнiң залалданған, сондай-ақ әкелiнуi, әкетiлуi мен транзитiне немесе әкелуге, әкетуге және транзиттеуге тыйым салынуы Қазақстан Республикасының , заңнамаларына және өсiмдiктер карантинi саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес айқындалатын, сондай-ақ өзге карантинге жатқызылған өнiмнiң Қазақстан Республикасына әкелiнуiне (транзиттеуге) жол бермеуге тиiс.

10. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатымен карантинге жатқызылған объектiлермен залалданудың жасырын нысаны бар мынадай карантинге жатқызылған өнiмдi:

1) ғылыми-селекциялық мақсаттар үшiн тұқымдар мен отырғызылатын материалдың үлгiлерiн сорттық сынақтан өткізу және өндiрiстiк егiс үшiн жемiс, орман, сәндiк және басқа дақылдардың отырғызылатын материалын;

2) ғылыми-зерттеу мекемелерiне және ботаника бақшаларына айырбас тәртiбіндегі тұқымдар мен отырғызылатын материалдың үлгiлерiн интродукциялық-карантиндiк көшеттiктерде оларды тексеру шартымен әкелуге рұқсат етiледi.

11. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм, сондай-ақ транзиттiк карантинге жатқызылған өнiм, транзиттiк карантинге жатқызылған өнiм тасымалданатын көлiк заңнамаларда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шекаралық фитосанитариялық пункттерiнде карантиндiк фитосанитариялық бақылаудан өтуге жатады.

12. Карантинге жатқызылған өнiмге арналған кедендiк құжаттарды ресiмдеу өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткен соң жүргiзiледi.

13. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ жеңiлдiктер мен иммунитеттi пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi, егер Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе халықаралық шарттарда өзге көзделмеген болса, осы ережеге сәйкес жүргiзiледi.

3. Шекаралық фитосанитариялық пункттердегi және карантинге

жатқызылған өнiмнiң келiп түсетiн соңғы пункттеріндегі өсiмдiктер

карантинi жөніндегі мемлекеттік бақылау

14. Карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктердi) өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органы жүзеге асырады.

15. Шекаралық фитосанитариялық пункттер мен карантинге жатқызылған өнiм келiп түсетiн соңғы пункттердегi өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылауды, ал қажет болған жағдайда тексерудi, өсiмдiктер карантинi жөніндегі кедендiк тексерумен бiр мезгiлде, аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

16. Шекаралық фитосанитариялық пункттiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi бойынша қолданылып жүрген заңнамаларын карантинге жатқызылған өнiмнiң иелерiне түсiндiредi, импорттық карантиндiк рұқсатының болуын және экспортшы - елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатын тексередi және жүк иесiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен үлгiлерiн iрiктеп және сараптамадан өткiзiп жүктер мен көлiктiң жай-күйiн белгілейдi.

Жүктер мен көлiктiң карантиндiк жай-күйiн белгiлеуге арналған үлгiлердi ірiктеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

17. Егер жүктердi тасымалдаушылар карантинге жатқызылған өнiмдi өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткізу үшiн беруден бас тартқан жағдайда, онда бұл өнiм экспортшы елге жүк тасымалдаушының есебiнен қайтарылуға жатады, бұл туралы өсiмдiктер карантинi жөніндегі инспектор Қазақстан Республикасының аумақтық шекаралық және кеден органдарына хабарлайды.

18. Карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк объектiлермен залалданғаны, сондай-ақ оны осы ереженi бұза отырып әкелiнген өнiмдер анықталған жағдайда, карантинге жатқызылған өнiм иесiнiң келісімi бойынша, ол экспорт жасаушы елге қайтаруға немесе залалсыздандыруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен және жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, қайта өңдеушi ұйымдарға беруге жатады.

Залалданған өнiмдi залалсыздандыруға және қайта өңдеуге, оны қайтаруға мүмкiн болмаған жағдайда, залалданған өнiм оның иесiнiң рұқсатымен заңнамада белгiленген тәртiппен алып қоюға және жойылуға жатады.

Ғылыми немесе өзгеше құндылығы бар тұқымдар мен отырғызылатын материалдар, олардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерге берiлуi мүмкiн. Тұқымдар мен отырғызылатын материалдарды алуға себеп болған кемшiлiктер жойылғаннан кейiн және олардың карантиндiк объектiлермен көмескi залалдануын тексергеннен кейiн, тұқымдар мен отырғызылатын материалдар өздерiнiң иелерiне қайтарылады.

Карантинге жатқызылған өнiмді алуды (оның ішiнде пошта жөнелтiлiмдерi, қол жүгi және багаж) өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор заңнамаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады, бұл туралы алу актiсi (2-қосымша) жасалады.

19. Карантинге жатқызылған өнiм фитосанитариялық бақылаудан өткiзiлгеннен және қажеттi карантиндiк iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор республикаға әкелуге арналған рұқсатымен өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткiзiлгенi туралы тауарлы-көлiктiк жөнелтпе құжаттарға белгiленген үлгiде мөртабан қояды. Өнiм соңғы келiп түсетiн пунктке жолданады.

Өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор барлық жағдайларда өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның мекен-жайына, жүктiң келiп түсетiн орны бойынша карантиндiк хабарлама жiбередi (3-қосымша).

20. Шекарада карантинге жатқызылған өнiмдермен (жүктермен) жүк операцияларын жүктердiң иелерi өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау, оның iшiнде тексеру жүргізiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегі мемлекеттік инспекторының рұқсаты бойынша жүргiзедi.

21. Фумигацияға ұшыраған карантинге жатқызылған өнiмге берiлген фитосанитариялық сертификатта залалсыздандырудың өткiзiлген орны, өнiмдi залалсыздандыру жүргізiлген фумиганттың атауы, мөлшерi, экспозициясы, часограммаларының нормалары және залалсыздандырудың өткiзiлген күнi көрсетiледi.

22. Шекаралық фитосанитариялық пункттерде өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткен, әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм (жүктер), сондай-ақ көлiк құралдары карантинге жатқызылған өнiм келiп түсетiн соңғы пунктте өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылауға, оның iшiнде тексеруге тап болады.

23. Келiп түсетiн соңғы пунктте карантинге жатқызылған өнiмдi және көлiк құралдарын тексерудi, талдауға және сараптауға үлгiлерiн iрiктеудi, кейiннен зертханада сараптай отырып өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, ол туралы тексеру актiсi жасалады (4 қосымша).

24. Соңғы келiп түсу пунктiнде карантинге жатқызылған өнiмнiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылау жүзеге асырылғаннан кейiн өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган карантинге жатқызылған өнiмнiң иелерiне осы өнiмдi пайдаланудың шарттары туралы жазылған тексеру актiсiн бередi.

25. Карантинге жатқызылған өнiмнiң соңғы келiп түсу пунктiнде карантиндiк объектiлер анықталған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган қажетті карантиндік шаралар қабылдайды.

4. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкетудiң, керi экспорттаудың

тәртібі

26. Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiм, импорттаушы-елдердiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметтерiнiң импорттық карантиндiк рұқсаттары және Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органдары берген фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамаларының және өсiмдiктер карантинi саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы бекiткен мемлекетаралық шарттарда көзделген талаптар мен шарттарға жауап беруi тиiс.

27. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тысқары әкетуге өсiмдiктер карантинi жөніндегі (5-қосымша) аумақтық органының фитосанитариялық сертификаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.

28. Фитосанитариялық сертификатты карантиндiк объектiлердiң болуын карантинге жатқызылған өнiмдi тексерген өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор бередi және өзi қолын қойып, белгiленген үлгiдегi мөрмен (мөртабанмен) растайды. Фитосанитариялық сертификат, әрбiр көлiк бiрлiгiне, сондай-ақ белгiленген бiр пунктке бағытталған карантинге жатқызылған өнiмнiң әрбiр партиясына берiлуге тиiс және әкетiлетiн өнiмнiң карантиндiк жағдайы куәлендiрiлуi, өнiмдi залалсыздандырудың жүргiзiлгендiгі, осы өнiмдi жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндiк талаптардың орындалғандығы туралы мәлiметтерi болуы тиiс.

29. Фитосанитариялық сертификат үш данада толтырылады, оның бiрiншiсi мен екiншiсi жүк жөнелтушiге берiледi, үшiншiсi өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның iс қағазында қалады.

30. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге арналған фитосанитариялық сертификатты алу үшiн жеткізушi жүктiң партиясын әзiрлеуге және оны 15 күн iшiнде жөнелткенге дейiн фитосанитариялық сертификат беруге арналған өтiнiмдi өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органға беруге мiндеттi.

31. Әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жағдайын осы өнiмдер бастапқы тиелген жерлерде, ал екiншi рет, экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (пристаньдарда), темiржол станцияларында, әуежайларда, пошта байланысы кәсiпорындарында, рыноктарда, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгiлейдi. Шекаралық фитосанитариялық пунктте қайта тиеусiз әкету кезiнде, тиеу орны берген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн өсiмдiктер карантинi бойынша ғана бақылау жүзеге асырылады.

32. Керi экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге осы ережеде көрсетiлген - қайтару, залалсыздандыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар талаптары таралады. Керi экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге, Қазақстан Республикасында өндiрiлген карантинге жатқызылған өнiмдi басқа мемлекеттiң аумағынан үшiншi елдерге экспорттаудан басқа жағдайларда, өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық сертификат (6-қосымша) бередi.

5. Карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекет iшiнде

тасымалдаудың және өткізудiң тәртібі

33. Карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекет iшiнде тасымалдау, өсiмдiктер карантинi жөнiндегі аумақтық органдар беретiн карантиндiк сертификаттар (7-қосымша) болғанда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының карантиндiк аумағынан карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органдар берген фитосанитариялық (карантиндiк) сертификаттар болуы кезiнде ғана рұқсат берiледi.

34. Карантинге жатқызылған өнiмнiң жүру жолында немесе оның келiп түсетiн ақырғы пунктiнде мекен-жайын өзгерту сертификат берген өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның рұқсатымен жүргiзiледi.

35. Жеке және заңды тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi рыноктарда сатуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруды және

көлiк құралдарын тазартуды жүргiзудiң тәртібі

36. Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген карантиндiк объектiлермен залалданған карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктердi) залалсыздандыру туралы шешiм қабылданған жағдайларда, ол шекаралық фитосанитариялық пункттерде, арнайы бөлiнген орындарда залалсыздандыруға жатады, ал өнiмнiң залалдануы соңғы келiп түскен пункттерiнде анықталған жағдайда, келiп түскен орны бойынша залалсыздандыруды (өңдеудi) өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган жүргiзедi.

37. Карантинге жатқызылған өнiмдi тасымалдау үшiн пайдаланылған көлiк құралдарының барлық түрлерi жүктердiң келiп түскен соңғы пункттерiнде мiндеттi түрде мұқият тазартуға жатады, жүктердiң келiп түскен соңғы пункттерiнде тазалау жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда, көлiктiң соңғы келу пунктiнде, арнайы бөлiнген орындарда тазалау жүргiзiледi. Көлiктiң соңғы келу пунктiнде жүргiзiлген тазалау туралы өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органға ақпарат берiледi.

Карантиндiк объектiлер анықталған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқамасы бойынша, теңiз, өзен және әуе кемелерiн, темiржол мен автомобиль жолы көлiктерiн және карантинге жатқызылған өнiмдi тасымалдау үшiн пайдаланылған өзге де құралдарды залалсыздандыру жүргiзiледi.

Көлiк құралдарын және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруға дайындау, залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар олардың иелерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

38. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру шетелдiк мемлекеттерде жүргiзiлген кезде, әкелiнген өнiмде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық санының болуы тексерiледi.

7. Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiрумен

байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi

39. Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiрумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты жеке және заңды тұлғалар:

1) өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңнамалардың, осы ереженiң талаптарын және уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi карантиндiк iс-шараларды жүргiзу туралы ұйғарымдарын орындауға;

2) карантинге жатқызылған өнiмнiң және карантиндiк объектiлердiң болуы туралы мәлiметтердi өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган инспекторының талабы бойынша беруге;

3) егiстiктердiң, аумақтардың, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймалардың жүйелi түрде зерттелуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолда бар карантинге жатқызылған өнiмдi тексеру мен сараптама үшiн беруге;

4) карантиндiк объектiлер анықталған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органға дереу хабар беруге;

5) Қазақстан Республикасының аумағына келген, өсiмдiктер карантинi бойынша бақылаудан өтуге арналған карантинге жатқызылған өнiмi бар көлiк құралдары мен контейнерлердiң ашылуына жол бермеуге;

6) карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауға арналған, карантиндiк фитосанитариялық талаптарға сәйкес үй жайлар бөлуге және өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау өткiзiлгенге дейiн мұндай өнiмнiң күзетiлуiн қамтамасыз етуге;

7) карантинге жатқызылған өнiмi бар көлiктердi жүру жолында, сондай-ақ бұл үшiн арналмаған орындарда тазалауға жол бермеуге;

8) карантинге жатқызылған өнiмдi тасымалдауды, олардың залалдану мүмкiндiгiн болдырмау және Қазақстан Республикасының аумағында карантиндiк объектiлердiң таралмауы шараларын қамтамасыз ете отырып, жүзеге асыруға;

9) өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның шешiмiне сәйкес карантиндiк шаралардың дәл орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi.

8. Карантиндiк объектiлердi анықтау және олардың

таралуының алдын алу

40. Карантиндiк объектiлердi уақытылы айқындау, олардың таралу ошақтарының шекараларын белгiлеу мақсатында кез келген мақсаттарға арналған жер, үйлер, ғимараттар, құрылыстар, резервyарлар, қоймалық орындар, құрал-жабдықтар, контейнерлер және карантиндiк объектiлермен залалданудың және таралуының көздерi болуға қабiлеттi өзге объектiлер жүйелi түрде карантиндiк фитосанитариялық зерттеуге жатады. Зерттеудiң нәтижелерi өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау өткiзiлгенi туралы актiмен ресiмделедi (8-қосымша).

41. Карантиндiк объектiлердiң ошақтары табылған жағдайда тиiстi аумақтарда "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабында белгiленген тәртiппен карантиндiк режим енгiзiле отырып, карантиндiк аймақтар белгiленедi.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1960 қаулысымен бекітілген


Карантиндiк объектiлердiң тiзбесi

Карантиндiк мағынасы бар, Қазақстан Республикасының аумағында

тiркелмеген зиянкестер, өсiмдiктер аурулары және арамшөптер

                       А. Өсiмдiктер зиянкестерi
 
Anoplophora glabripennis Motschulsky
Саllоsоbruchus analis L.
Spodoptera litura Fabr
Нурhаnterа сunеа Drury
Liriomyza trifolii (Вurg)
Рrеmnotrypes spp
Unaspis citri Comst.
Раntomorus leucoloma Boh.
Теtradacus citri Chen.
Pseudococcus citriculus Green.
Unaspis yanonensis Kuw.
Numonia pyrivorella Mats.
Spodoptera littoralis Boisd.
Diabrotica virgifera virgiferale Conte
Ғrankliniella occidentalis Perg.
Callosobruchus phaseoli Gyll.
Ceroplastes rusci L.
Epitrix tuberis Gentner
Ерitrix cucumeris Harris
Phthorimaea operculella Zell.
Callosobruchus chinensis L.
Lymantria dispar L. (asian rасе)
Тhrips palmi Karny
Саrposina niponensis Wlsghm.
Conotrachelus nenuphar Hb.
Ceratitis capitata Wied.
Liriomisa sativae Blanch.
Pseudaulacaspis pentagona (Targ.)
Pestinophora gossypiella Saund.
Bemisia tabaci Gew.
Dialeurodes citri Rillcy
Phyllocnistis citrella Stainton
Pseudococcus gahani Green.
Liriovyza huidobrensis Blanch.
Rhagoletis pomonella Walsh.
Agrilus mali (Mats).
Popillia japonica (Newm).
Geroplastes japonicus Green.
Leucaspis japonica Ckll.
 
                           Б. Өсімдіктер аурулары
                               Саңырауқұлақты
 
Glomerella gossypii (South) Edgerton
Didymella chrysanthemi (Tassi) Gar.et
Gull.
Puccinia horiana P.Henn.
Angiosorus solani (Thirum et O Brier)
Diplodia macrospora (Earle)
Diplodia frumenti (Eller Ev)
Tilletia (Neovossia) indica Mitra
Cochliobolus carbonum R.Nelson
Synchytrium endobioticum (Schild.) Percival
Atropellis pinicola Zeller & Goodding
Atropellis piniphillf (Weir.) Lohman & Cash
Phyatotrichum omnivorum (Schear.)
Guggar
Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt.
Phytophthora fragariae Hickman.
Phomopsis helianthi (Munt-Wetetal)
Cochliobolus heterostrophus Drechsler
rasa T.(Helminthosporium maydis Nisicado et
Miyake)
 
                               Бактериялық
 
Xanthomonas ampelina (Panagopoulus)
Erwinia stewartii (Smith.)
Clavibacter michiganehis subsp.
sepedonicum (Spieckermann and
Kotthoff) Davis et al
Xanthomonas oryzae pv. oryzae
(Ishiyama) Swings et al
Xanthomonas oryzae pv. oryzicola (Fang et al) Swings et al
Ralstonia solanacearum (Smith.) Yabuuchi et al
Erwinia amylovora (Curill.)
Clavibacter tritici (Carls et Vidav) Davis
 
                       Фитоплазмалық және вирустық
 
Potato Andeam mottle comovirus
Potatj Andean latent timovirus
Potato T trichovirus
Grapevine flavescence doree phytoplasma
Peach latent mosaic viroid
Polato yellowing alfamovirus
Cherru rasp leaf virus
Peach rosette mosaic nepovirus
Plum poxpotyvirus
 
                             Нематодалық
 
Globodera pallida (Stone) Mulvey et Stone
Globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.
Meloidogine chitwoodi Golden et al
Bursaphelenchus xylophilus (Steiner et Bu hrer)
 
                            В. Арамшөптер
 
Ambrosia trifida L.
Iva axillaris Pursh.
Ipomoea hederacea L.
Ipomoea lacunosa L.
Solanum carolinense L.
Solanum elaeagnifolium Cav.
Solanum triflorum Nutt.
Helianthus californicus DC.
Helianthus ciliaris DC.
Striga sp.sp
Cenchrus payciflorus Benth.
Bidens pilosa L.
 
                      Қазақстан Республикасының аумағында
                    таралуы шектелген карантиндік объектілер
 
                            А. Өсімдіктер зиянкестері
 
Grapholitha molesta (Busck.)
Quadraspidiotus perniciosus (Comst.)
Trogoderma granarium (Ev.)
Leptinotarsa decemlineata Say.
Viteus vitifolli (Fitsch).
Pseudococcus comstocki Kuw.
Callosobruchus maculatus F.
 
                               Б. Арамшөптер
 
Ambrosia artemisiifolia (L.)
Ambrosia psilostachya (D.C.)
Acroptilon repens (D.C.)
Solanum rostratum Dun.
Cuscuta sp.sp
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

1-қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл
     Шаруашылығы Министрлігінің
     Өсімдіктер карантині жөніндегі
     Мемлекеттік фитосанитариялық
             қызметі
 
 
                       N___ИМПОРТТЫҚ КАРАНТИНДІК РҰҚСАТТАМА
 
     Осымен ________________________________________________________
              (заңды тұлғаның атауы немесе жеке аты-жөні)
     Қазақстан Республикасының (транзит)____________________________
     _______________________________________________________________
                            (елдің атауы)
     мынадай карантинге жатқызылған өнімнің
     әкелінуіне рұқсат беріледі: ___________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
                      (әр түрі бойынша атауы, мөлшері)
     1. Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім мынадай карантиндік
     зиянкестерден, аурулардан және арам шөптердің тұқымдарынан таза
     болуы тиіс: ___________________________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     2.  Мынадай қосымша талаптарға сай болуы керек: _______________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     3. Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің әр партиясы экспорт-
     таушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ресми ұйымдары берген,
     Қазақстан Республикасына жіберілген карантинге жатқызылған өнім
     осы рұқсаттаманың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық
     талаптарға жауап беретінін куәландыратын фитосанитариялық
     сертификатымен қоса жүруі тиіс.
     4. Карантинге жатқызылған өнімді (транзит) әкелу міндеті карантин-
     дік фитосанитариялық бақылаудан және сараптамадан өткеннен кейін
     мынадай шекаралық фитосанитариялық бекеттен рұқсат етіледі.
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
             (шекаралық фитосанитариялық бекеттің атауы)
     5. Осы рұқсаттама бойынша әкелінетін карантинге жатқызылған өнім
     (транзиттік) мынадай бағыт бойынша тасымалдануы керек:
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     6. Өнімдер мен көлік құралдары, соңғы келіп түсу пунктіне келген
     соң мынадай карантиндік шаралардан өтуі тиіс: __________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     7. Рұқсаттама "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы
     Заңының 7-ші бабының негізінде берілді.
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
 
     200..жылғы .. ...... 200..жылғы .. ...... дейінгі мерзімге берілді.
 
     Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі
     Бас мемлекеттік инспекторы
 
 
     Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі
     мемлекеттік инспекторы
 
              М.О.
 
     Ескерту: 1. Импорттық карантиндік рұқсаттама ҚР АШМ-нің өсімдіктер
     карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызмет ведомство
     ішілік құжаты болып табылады. Тек түпнұсқа түрінде жарамды (көшір.
     ме орындалуға қабылданбайды), мемлекеттік шекара арқылы өткізу
     бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі және жүкті алу орны
     бойынша тиісті мемлекеттік фитосанитариялық қызметінің органына
     және жүк алушыға және басшылыққа орындауға беріледі, басқа ұйымдар
     мен ведомстваларға ұсынуға жатпайды.
     2. Қазақстанға жүкті кедендік өткізу үшін импорттық карантиндік
     рұқсаттама негіз болып табылмайды.
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

2-қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл
     Шаруашылығы Министрлігінің
     Өсімдіктер карантині жөніндегі
     Мемлекеттік фитосанитариялық
              қызметі
 
                                  АЛУ АКТІСІ
 
     Кімге: иесіне___________________________________________________
     ________________________________________________________________
     Осымен, төменде келтірілген карантинге жатқызылған өнім, мынадай
     себептер бойынша алынып тасталғаны куәлендіріледі:
 
     өнім залалданған:_______________________________________________
     ________________________________________________________________
     Осы өнім импортына тыйым салынды
     Мынадай себептер бойынша фитосанитариялық сертификат жарамсыз:
     _________________________________________________________________
     Басқа себептер__________________________________________________
     Қолданылған шара ________________________________________________
     Жою              Залалданған өнімдерді жүктен алып тастау
     Қайтару          Басқа___________________________________________

Залалсыздандыру

     Алынып тасталған карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен саны:
     (түгел жүк немесе оның бөлігі)
     _________________________________________________________________
     Жүк туралы мәлімет:
     Экспорттаушының мекен-жайы:
     Жүк алушының мекен-жайы:
     Айырмалық белгілері (таңбасы):
     Жеткізетін құралдар
     N   фитосанитариялық сертификат
     Берілді (ұйымның аталуы)_______Берген уақыты _______
     Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
     ________________________________________________________
     (облысының, қаласының, шекарадағы фитосанитариялық шекаралық пункт)
 
     Мөртабан ___________       Күні, айы, жылы_____________
               (қолы)
 
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

3-қосымша

     Қазақстан Республикасының Ауыл
     шаруашылығы министрлігінің
     Өсімдіктер карантині жөніндегі
     мемлекеттік фитосанитариялық
               қызметі
 
          Өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық орган
 
     __________________облысы
     __________________шекарадағы фитосанитариялық бекет
 
                          N___КАРАНТИНДІК ХАБАРЛАМА
 
          Өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық орган_____________
     _______________________________________________________________
                            (мекен-жайы)
     ".." .......ж.
          Мен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор___
     ________________________________________________________________
                                 (аты-жөні)
     карантинге жатқызылған өнімді тексеруден өткіздім_______________
     ________________________________________________________________
                            (атауы және саны)
     шыққан жері_____________________________________________________
     жіберілген жері ________________________________________________
                                    (мекен-жайы)
 
     ________________________________________________________________
       (өнімнің карантиндік жағдайы көрсетіледі және оны пайдалануға
     ________________________________________________________________
     мынадай шарт қойылады)
     ________________________________________________________________
 
          Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор________
                                                                (қолы)
 
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

4-қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл
     Шаруашылығы Министрлігінің
     Өсімдіктер карантині жөніндегі
     Мемлекеттік фитосанитариялық
              қызметі
 
                           КАРАНТИНГЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН ӨНІМДІ,
                           КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТЕКСЕРУДІҢ ЖӘНЕ
                           КАРАНТИНДІК САРАПТАМАҒА АРНАЛҒАН
                              ҮЛГІЛЕРІН ІРІКТЕУДІҢ
                                 N___    АКТІСІ
 
         Мен, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор__
     _______________________________________________________________
     (Өсімдік карантині жөніндегі аумақтық органның атауы, аты-жөні)
 
     Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау
     жөніндегі Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелерге
     сәйкес карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын тексеруді
     және карантиндік сараптамаға арналған үлгілерін іріктеуді
     " " ______ж. өткіздім.
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
           (заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның аты-жөні)
     өнімнің (тасымалдау құралының) аты _______________________________
     __________________________________________________________________
     Мөлшері (топ салмағы, орын саны және т.б.)_________________________
     Карантинге жатқызылған өнімнің шыққан жері_________________________
     "  " ________ ж. N __ Сертификат
     берілген _________________________________________________________
     Мынадай орташа үлгілері іріктеліп алынды:
     _______ дана _________салмақ мөлшерінде
     Тексеру нәтижесінде анықталды_____________________________________
     Мынадай карантиндік шараларды жүргізу керек
     __________________________________________________________________
     __________________________________________________________________
     Акт карантинге жатқызылған материалдардың иесі өкілінің қатысуымен
     жасалынды_________________________________________________________
     __________________________________________________________________
                           (лауазымы, аты-жөні)
 
     Өсімдіктер карантині жөніндегі
     мемлекеттік инспектор ___________________________________________
            Өкіл _____________________________________________________
 
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

5-қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл
     Шаруашылығы Министрлігінің
     Өсімдіктер карантині жөніндегі            Фитосанитариялық
             Мемлекеттік                          сертификат
        фитосанитариялық қызметі                      N___________
                                               _______(ел) Өсімдіктерді
                                       қорғау және карантин жөніндегі ұйым
 
                             ЖҮКТІҢ СИПАТТАМАСЫ
 
     Экспортер және
     оның мекен жайы__________________________________________________
 
     Алушы және оның мекен жайы_______________________________________
 
     Орнының саны және буып-түю сипаттамасы___________________________
 
     Таңбасы (айырма белгісі)_________________________________________
 
     Шыққан жері _____________________________________________________
 
     Тасымалдау тәсілі _______________________________________________
 
     Өнімнің атауы және оның саны_____________________________________
 
     Өсімдіктердің ботаникалық аты ____________________________________
 
     Осымен жоғарыда сипатталған өсімдіктер мен өсімдік өнімдері бар
     методика мен ережелерге сәйкес тексерілгені және карантиндік зиянкес-
     тер мен басқа да зиян келтіретін жәндіктерден іс жүзінде таза болып
     табылғаны және импорттаушы елдің фитосанитариялық ережелеріне толық
     сәйкес келетін куәландырылады.
     ____________________________________________________________________
 
                             ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ
 
     Күні, айы, жылы ____________________________________
 
     Залалсыздандыру тәсілі_______________________________
 
     Химикат және оның концентрациясы_____________________
 
     Экспозиция және температурасы________________________
 
     Қосымша хабарлама____________________________________
 
     Қосымша декларация___________________________________
 
                              Берілген орны_______________
 
     Ұйымның мөртабаны        Мемлекеттік инспектордың аты-жөні
                               _________________________
 
                        Күні, айы, жылы        Қолы
                        ________________       ___________
 
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

6-қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл
     Шаруашылығы Министрлігінің           Реэкспортқа арналған
     Өсімдіктер карантині жөніндегі       фитосанитариялық сертификат
     Мемлекеттік фитосанитариялық         N_____
              қызметі                     Өсімдіктерді қорғау және карантин
                                                жөніндегі ұйым
                                          ____________________________
                                           (реэкспортер мемлекеттері)
 
                             ЖҮКТІ СИПАТТАУ
 
     Экспортер және
     оның мекен жайы__________________________________________________
 
     Алушы және оның мекен жайы_______________________________________
 
     Орнының саны және буып-түю сипаттамасы___________________________
 
     Таңбасы (айырма белгісі)_________________________________________
 
     Шыққан жері _____________________________________________________
 
     Тасымалдау тәсілі _______________________________________________
 
     Әкелінетін пункт ________________________________________________
 
     Өнімнің атауы және оның саны_____________________________________
 
     Өсімдіктің ботаникалық аты ___________________________________
 
       Жоғарыда аталған өсімдіктер немесе өсімдік өнімі_______(реэкспорт.
     таған елде) осы сертификатқа қоса отырған N_____фитосанитариялық
     сертификат бойынша түпнұсқа __ куәландырылған көшірме __ зерттелді,
     олар буып-түйілген __ бастапқыға қайта буып түйілген __, жаңа ___
     контейнерлерге, бастапқы фитосанитариялық сертификаттың __ және
     қосымша зерттеудің негізінде __ олар импорттаушы елдің
     фитосанитариялық ережелеріне сай келеді. ________(реэкспорттаған
     елде) сақталған уақыты жүк зиянкестер және өсімдіктер ауруларын
     жұқтыру қаупіне ұшыратылмағандығы куәландырылады.
 
                                ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ
 
     Күні, айы, жылы ____________________________________
 
     Залалсыздандыру тәсілі_______________________________
 
     Химикат және оның концентрациясы_____________________
 
     Экспозиция және температурасы________________________
 
     Қосымша хабарлама____________________________________
 
     Қосымша декларация___________________________________
 
                              Берілген орны_______________
 
     Ұйымның мөртабаны        Мемлекеттік инспектордың аты-жөні
                              _____________________________
                        Күні                  Қолы
                        ________________       ___________
 
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

7-қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл
     Шаруашылығы Министрлігінің
     Өсімдіктер карантині жөніндегі
     Мемлекеттік фитосанитариялық
              қызметі
 
                           N ___ КАРАНТИНДІК СЕРТИФИКАТ
                     _______ "___"_______ дейін жарамды
 
          1. Берілді___________________________________________________
                   (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні)
     __________________________________________________________________
                           (оның мекен жайы)
     оған___________________________________________________
     __________________________________________________________________
     (қайда, кімге, алушының толық атауы және мекен жайы көрсетілуі керек)
     мынадай карантиндік жатқызылған өнімді
     шығаруға рұқсат берілді: __________________________________________
          2. Орынның жалпы саны (дана)__________________________________
          3. Жалпы салмағы (тонна, кг)__________________________________
          4. Жөнелту станциясы (орыны)_________________________________
          5. Баратын станциясы (орыны)__________________________________
          6. Жүкті зерттеу, тексеру немесе зертханалық талдаудың (сарапта.
          маның) негізінде куәландырылады
     ___________________________________________________________________
                               (керегін сыз)
     ___________________________________________________________________
     (жүктің карантиндік жағдайы және өткізілген шаралары туралы белгі)
     _____________________________________________анықталды
          7. Карантинге жатқызылған материалды жөнелту, алу кезінде және
     пайдаланғанда мынадай шарттар белгіленеді
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
          8. Берілген негізі ___________________________________________
                                       (қандай құжаттың)
          Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор
          _____________________________________________________
                     (қолы) (инспектордың аты-жөні)
 
          М.О.
          Ескерту:
          1. Сертификат жүктің әр жекеленген көлеміне беріледі және
          соған жарамды болады.
          2. Жол бойы, жүктің өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық
          органның арнайы рұқсатынсыз, басқа жаққа жіберуге тыйым салынады.
          3. Сертификатты беру жіберуге 15 күн қалғанға дейін
          жүргізіледі.
          4. Сертификаттың жарамдылық мерзімі жүктің жолда болған
          уақытына байланысты белгіленеді.
 

Қазақстан Республикасының

аумағын карантиндік объектілерден

қорғау жөніндегі ережеге

8-қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл
     Шаруашылығы Министрлігінің
     Өсімдіктер карантині жөніндегі
     Мемлекеттік фитосанитариялық
              қызметі
 
             ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ БОЙЫНША БАҚЫЛАУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АКТ
 
                              ".." ...... ж.
         Мен, өсімдіктер карантині жөніндегі Қазақстан Республикасы____
     _________________ облысының мемлекеттік инспекторы "Өсімдіктер
     карантині туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының
     территориясын карантиндік объектілерден қорғау Ережелерінің негізін.
     де карантиндік шаралардың орындалуын тексердім.
     ___________________________________________________________________
            (заңды тұлғаның атауы немесе және тұлғаның аты-жөні)
     __________________________________________________________________
     1. Тексеру барысында анықталды (қай кезде, қай уақыт аралығында және
     қандай құжаттар тексерілді және не анықталды)
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
     2. Тексеру нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныс (міндетті түрде
     орындалатын шаралар, олардың уақыты, жұмысқа жауапты адамдар)
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
         Акт 2 данада жазылды оның біріншісі заңды немесе жеке тұлғаның
     өкіліне беріледі, екіншісі өсімдіктер карантині жөніндегі инспектор.
     дың тапсырмалары мен нұсқамаларының орындалуын тексерілген соң
     істе қалады, орындалмаған жағдайда хаттама жазылады.
         Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор
         __________________________________________________
                               (аты-жөні)
 
                    Акттың бірінші данасын алдым
                    Иесі (өкілі)___________________________
                       Күні _________________
 
 
            Өсімдіктер карантині жөніндегі инспектордың берген
            тапсырмалары мен ұсыныстарының тексеру қорытындысы
 
     Тексеру жүргізілді _____________иесінің (өкілінің) қатысуымен
     ______________________________________________________________
                      (қызмет орны, аты-жөні)
 
     тексеруде анықталды (тапсырманың орындалуы):
     ______________________________________________
 
             Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор
             ___________________________________________________
                                  (аты-жөні)
 
             Иесі (өкілі) ______________________________________
                                  (аты-жөні)