Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан № 1594

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның құрамына мыналар:

     Бәйменов                - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Әлихан Мұхамедияұлы       және халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                               төрағаның орынбасары
 
     Өмірбаев                - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Әділхан Әбдірахманұлы     және халықты әлеуметтік қорғау
                               вице-министрі
 
     Нефедов                 - Қазақстан Республикасының
     Петр Петрович             Энергетика, индустрия және сауда
                               вице-министрі енгізілсін;
 

көрсетілген құрамнан Николай Владимирович Радостовец, Есберген Әбітайұлы Әбітаев және Роза Сақтағанқызы Қуанышбаева шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі