Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының
ұлттық бөлігін жасақтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 17 қазандағы № 1541 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1437; 20.05.03 ж. № 467
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысымен осы қаулының күші жойылды


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1226 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына 2000 жылғы 18-20 маусымдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1437; 20.05.03 ж. № 467 қаулыларымен құрам өзгерді

1. Мынадай құрамда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының (бұдан әрі - Мемлекетаралық комиссия) ұлттық бөлігі жасақталсын:

     Әбдiрахманов            - Қазақстан Республикасының
     Есiркеп  Оңланбекұлы      Индустрия және сауда министрлігi
                               Технологияларды дамыту департаментінің
                               директоры
     Андрющенко              - Қазақстан Республикасының Индустрия
     Александр Иванович        және сауда бiрiншi вице-министрi,
                               жетекшi
     Поспелов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Николай Николаевич        министрiнiң орынбасары
     Литвинов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Михаил Константинович   iстер министрлігі ТМД iстерi жөніндегі
                             комитетiнiң төрағасының орынбасары
     Метте                   - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық
     Виталий Леонидович        компаниясы" ААҚ-ның президентi

2. Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлігі ресей тарапымен өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының одан әрі ықпалдасуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ.Тоқаев