Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626
және 1999 жылғы 5 шілдедегі № 930 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 18 шілдедегі № 1084 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1129 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен күші жойылды

 

Бұр. ред. қара

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1129 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Комитеттің заңды мекен-жайы:

473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі