Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 747 қаулысы

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтiк үй-жайларды бөлу туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулының қосымшасында:

реттiк нөмiрi 28-жолдағы, 4-бағандағы "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң резервi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Салық полициясы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 29-жолдағы, 4-бағандағы "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық полициясы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 31-жолмен толықтырылсын: "31. Әкiмшiлiк ғимараты, 1846,7 Қазақстан Республикасы

     Абай көшесi, 50.                           Мемлекеттік кiрiс
                                                министрлігінiң
                                                Салық полициясы комитетi."

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі