Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 682 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн;

Елубаев Бауыржан Ысқақұлы     - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                                қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары
                                (келісім бойынша)
Нұқышев Азат Ғалымұлы         - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және
                                тарату агенттiгi" ашық акционерлік қоғамы
                                басқармасының төрағасы
                                (келісім бойынша)
Власов Николай Афанасьевич    - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
                                вице-министрi
 
Сейдуалиев Сәкен Спаханұлы    - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
                                Халықаралық iстер, қорғаныс және
                                қауiпсiздiк жөніндегі комитетiнің
                                мүшесi (келісім бойынша)
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
                                Мемлекеттік қарыз алу департаментi
                                директорының мiндетiн атқарушы, хатшы;
 

"Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы  - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                     вице-министрi, төрағаның орынбасары";

көрсетiлген құрамнан Айтжанов Дулат Нұлұлы, Дружинин Анатолий Михайлович шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі