Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N
231 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 6 мамырдағы № 681 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы:

шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігіндегі тең төрағалары құрамына:

сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-словак комиссиясы және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-чех комиссиясы құрамына Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі;

сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-таиланд бірлескен комиссиясы және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-фин комиссиясы құрамына Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі;

сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-поляк комиссиясы құрамына Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі енгізілсін;

сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-палестина комиссиясы және бірлескен қазақстан-ливия комиссиясы құрамына Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-вьетнам бірлескен комиссиясы құрамына Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі енгізілсін;

Ахметов Әділ Құрманжанұлы, Әбілғазин Данияр Рүстемұлы және Досаев Ерболат Асқарбекұлы аталған құрамнан шығарылсын;

Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эмират бірлескен комиссиясы Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика министрі".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі