Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 29 наурыздағы № 454 Қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

     Жандосов             - "KEGOC" ашық акционерлік
     Ораз Әлиұлы            қоғамының президенті,
                            төрағаның орынбасары болып
                            (келісім бойынша).
 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары