Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 934
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 7 ақпандағы № 186 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жергілікті қаржы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 934 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

"2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарының мүлкін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.

2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қаржы органдары таратылсын.

2-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарын таратуды жүзеге асырсын.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі