Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1870 Қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

Кіріспедегі "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

1) 1-тармақтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Саудабаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Қанат Бекмырзаұлы           Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға
 
     Бүркітбаев                - Қазақстан Республикасы Көлік және
     Серік Мінуәрұлы             коммуникациялар министрі, төрағаның
                                 орынбасары
 
     Марченко                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Григорий Александрович      Банкінің төрағасы, төрағаның
                                 орынбасары (келісім бойынша)
 
     Школьник                  - Қазақстан Республикасы Энергетика,
     Владимир Сергеевич          индустрия және сауда министрі
 
     Смағұлов Қайрат           - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Молдрахманұлы               Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                 бірінші орынбасары
 
     Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Нұралы Сұлтанұлы            ақпарат және қоғамдық келісім
                                 вице-министрі
 
     Медетбеков                - Қазақстан Республикасы Президенті
     Ренат Әсембайұлы            Күзет қызметінің басқарма бастығы
                                 (келісім бойынша)
 
     Сақыпов                   - "Қазақтелеком" ашық акционерлік
     Нұрлан Заркешұлы            қоғамының президенті (келісім бойынша)
 
     Нәсиев                    - Қазақстан Республикасы Көлік және
     Асқар Қайратұлы             коммуникациялар министрлігінің
                                 Телекоммуникациялар және почта
                                 департаментінің директоры
 
     Мінікаев                  - Қазақстан Республикасы Қарулы
     Марат Нұрғалиұлы            Күштері Бас штабы басқармасының
                                 бастығы
 
     Мартиросов                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
     Михаил Грантович            министрлігінің Жедел-техникалық
                                 қызметі департаменті бастығының
                                 орынбасары
 
     Қаратаев                  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Шахмардан Сейітқанұлы       құпияларды қорғау жөніндегі
                                 агенттігінің басқарма бастығы
 
     Поликарпов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Олег                        Банкінің Ақпараттық технологиялар
     Юрьевич                     департаментінің директоры
 
     Слободянюк                - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Анатолий                    Министрі Кеңсесінің Бақылау және
     Ануфриевич                  құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
                                 меңгерушісінің орынбасары -
                                 ақпаратты қорғау секторының
                                 меңгерушісі, хатшы;
 
     "Бектасов                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Әбен Ағыбайұлы              кіріс вице-министрі, төрағаның
                                 орынбасары"

деген жолда "төрағаның орынбасары" деген сөз алынып тасталсын;

Жандосов Ораз Әлиұлы, Кешубаев Ғалиаусат Қайырбекұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы, Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы, Өртембаев Асқар Қалмұхаметұлы көрсетілген құрамнан шығарылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

І "Жалпы ережелер" деген тарауда:

1-тармақта:

"мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

"стандарттарын енгізу," деген сөздерден кейін "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

"Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

ІІ "Негізгі міндеттері" деген тарауда:

4-тармақта:

екінші абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасында Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын, мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келістіру";

төртінші абзац алынып тасталсын;

алтыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

тоғызыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

оныншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

он бірінші абзацтағы "ақпараттық" деген сөз "ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

он екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

"Комиссияның құқықтары" деген бөлімнің бесінші абзацындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын;

ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарауда:

5-тармақтағы "орынбасары" деген сөз "екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ алынып тасталсын;

12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                     1999 жылғы 7 желтоқсандағы
                                      № 1870 қаулысына қосымша
 
              Қазақстан Республикасы Үкіметінің
              күші жойылған кейбір шешімдерінің
                             тізбесі
 

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 221 өкімі;

2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Телекоммуникациялар жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегі № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 30, 371-құжат);

3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 288 өкімі;

4. "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 502 қаулысы.