Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 3 қарашадағы
№ 1645 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуға рұқсат етілсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының, 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге қажетті өзгерістерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне екі апта мерзім ішінде бекітуге енгізсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645
                                            қаулысымен бекітілген
            Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
                      Кеңсесінің құрылымы

Басшылық

     Премьер-Министрдің Хатшылығы
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі
     Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі
     Заң бөлімі
     Аймақтық даму бөлімі
     Экономикалық бөлім
     Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі
     Жиынтық талдау бөлімі
     Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі
     Сыртқы байланыстар бөлімі
     Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі
     Кадр жұмысы бөлімі
     Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
     Қаржы-шаруашылық бөлімі
     Министр - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және
     әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының Хатшылығы
     Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің Хатшылығы
     ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08. № 1878
              қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді- ҚР Үкіметінің 2000.05.15. № 708a
              қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.06.29. № 971
              қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. № 58
              қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2002.01.31. № 145
              қаулысымен.