Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 22 қазандағы № 1585 Қаулысы

ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды




Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Экономикалық саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы жаңа редакцияда жазылсын:

     "Тоқаев               - Қазақстан Республикасының Премьер-
     Қасымжомарт             Министрі, Кеңестің жетекшісі
     Кемелұлы
 
     Өтембаев Ержан        - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Әбілхайырұлы            Министрінің орынбасары, Кеңес
                             жетекшісінің орынбасары
 
     Павлов Александр      - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Сергеевич               Министрінің бірінші орынбасары
 
     Ахметов Даниял        - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Кенжетайұлы             Министрінің орынбасары
 
     Марченко Григорий     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Александрович           Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
 
     Есенбаев Мәжит        - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Төлеубекұлы             министрі
 
     Күлекеев Жақсыбек     - Қазақстан Республикасының
     Әбдірахметұлы           Экономика министрі
 
     Кәкімжанов            - Қазақстан Республикасының
     Зейнолла                Мемлекеттік кіріс министрі
     Халидоллаұлы
 
 
     Школьник              - Қазақстан Республикасының
     Владимир                Энергетика, индустрия және сауда
     Сергеевич               министрі
 
     Мыңбаев Сауат         - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Мұхамбетбайұлы          шаруашылығы министрі
 
     Тілеубердин Алтай     - Қазақстан Республикасы Табиғи
     Абылайұлы               монополияны реттеу, бәсекені қорғау
                             және шағын бизнесті қолдау жөніндегі
                             агенттігінің төрағасы
 
     Келімбетов Қайрат     - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
     Нематұлы                жоспарлау жөніндегі агенттігінің
                             төрағасы (келісім бойынша)".
 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі