Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 шілде № 969

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен осы қаулының күші жойылды


"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1997 ж., № 43, 396-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

"2-1. Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдері былай жүзеге асырылады:

1) төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңде кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

еркектерге - 50 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 25 жыл болған жағдайда;

әйелдерге - 45 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 20 жыл болған жағдайда;

2) ауылдық жерлерде тұратын, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 50 жасқа толғанда аталған зейнетақы жасын 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға өсіре отырып, бірақ тұтастай алғанда 3 жылдан аспауы тиіс".

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі