Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N
231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 маусым № 686

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақта:

1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшасындағы "мемлекеттік комитеттермен" деген сөздер алынып тасталсын;

5) тармақшасындағы "2-қосымшаға сәйкес тиісті елдерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрлеріне осы комиссиялардың жұмысын уақытша жүргізу жүктелсін" деген сөздер алынып тасталсын;

2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық деңгейінің өсуі мен серпінін назарға ала отырып қазақстан-американ бірлескен комиссиясының тең төрағасы лауазымына (Аға тең төрағалар - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, АҚШ Вице-Президенті А.Гор, тең төраға - жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қатысты АҚШ саясатын арнайы үйлестіруші, АҚШ-тың ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі С. Сестанович) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев ұсынылсын;

3) 4-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

4) аталған қаулының "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың Қазақстан бөлігі тең төрағаларының құрамы" деген 1-қосымша қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) 2-қосымшаның күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
                              Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                              1999 жылғы 1 маусымдағы № 686
                              Қаулысына қосымша
 
       Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық
       комиссиялардың қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамы
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев -
     тастық жөніндегі              Қазақстан Республикасы
     қазақстан-әзірбайжан          Премьер-Министрінің орынбасары
      комиссиясы                   - Қазақстан Республикасының
                                    Сыртқы істер министрі
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев -
     тастық жөніндегі              Қазақстан Республикасы
     қазақстан-беларусь            Премьер-Министрінің орынбасары
      комиссиясы                   - Қазақстан Республикасының
                                   Сыртқы істер министрі
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Тимур Асқарұлы Күлібаев -
     тастық жөніндегі              "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау
     қазақстан-грузин комиссиясы   жөніндегі ұлттық компанияның
                                   президенті
 
     Қазақстан-қырғыз бірлескен    Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов -
     комиссиясы                    Қазақстан Республикасы
                                   Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                   Ауыл шаруашылығы министрі
 
     Экономикалық ынтымақтастық    Шалбай Құлмаханұлы - Қазақстан
     жөніндегі қазақстан-молдова   Республикасы Төтенше жағдайлар
     аралас комиссиясы             жөніндегі агенттіктің төрағасы
 
     Ынтымақтастық жөніндегі       Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев -
     қазақстан-ресей комиссиясы    Қазақстан Республикасы
                                   Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                   Сыртқы істер министрі
 
     Шекаралық ынтымақтастық       Есберген Әбітайұлы Әбітаев -
     жөніндегі қазақстан-ресей     Қазақстан Республикасының
     шағын комиссиясы              Энергетика, индустрия және сауда
                                   бірінші вице-министрі
 
     "Байқоңыр" кешені жөніндегі   Владимир Сергеевич Школьник -
     қазақстан-ресей шағын         Қазақстан Республикасының Ғылым
     комиссиясы                    және жоғары білім министрі
 
     Экономикалық ынтымақтастық    Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов -
     жөніндегі қазақстан-тәжік     Қазақстан Республикасы
     комиссиясы                    Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                   Ауыл шаруашылығы министрі
 
     Экономикалық ынтымақтастық    Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев -
     жөніндегі қазақстан-түрікмен  Қазақстан Республикасы
     бірлескен комиссиясы          Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                   Сыртқы істер министрі
 
     Екі жақты ынтымақтастық       Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов -
     жөніндегі қазақстан-өзбек     Қазақстан Республикасы
     комиссиясы                    Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                   Ауыл шаруашылығы министрі
 
     Экономикалық ынтымақтастық    Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов -
     жөніндегі қазақстан-украин    Қазақстан Республикасы
     комиссиясы                    Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                   Ауыл шаруашылығы министрі
 
 
     Қазақстан-американ бірлескен  Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев -
     комиссиясы                    Қазақстан Республикасы
                                   Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                   Сыртқы істер министрі
 
     Сауда-экономикалық байланыс.  Наталья Артемовна Коржова -
     тар және ғылыми-техникалық    Қазақстан Республикасының Еңбек
     ынтымақтастық жөніндегі       және халықты әлеуметтік қорғау министрі
     қазақстан-болгар комиссиясы
 
     Қазақстан-британ              Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов -
     сауда-өнеркәсіп кеңесі        Қазақстан Республикасының
                                   Инвестициялар жөніндегі агенттігінің
                                   төрағасы
 
     Сауда-экономикалық            Мұхтар Қабылұлы Әблязов - Қазақстан
     ынтымақтастық жөніндегі       Республикасының Энергетика,
     қазақстан-венгер комиссиясы   индустрия және сауда министрі
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Ерболат Асқарбекұлы Досаев - Қазақстан
     тастық жөніндегі үкіметаралық Республикасының Энергетика, индустрия
     қазақстан-вьетнам бірлескен   және сауда вице-министрі
     комиссиясы
 
     Экономикалық,                 Ораз Әлиұлы Жандосов - Қазақстан
     ғылыми-техникалық және        Республикасы Премьер-Министрінің
     мәдени ынтымақтастық          орынбасары - Қазақстан Республикасының
     жөніндегі қазақстан-герман    Қаржы министрі
     кооперациялық кеңесі
 
     Қазақстан Республикасында     Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев -
     тұрып жатқан этникалық неміс. Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     тердің мәселелері жөніндегі   ақпарат және қоғамдық келісім министрі
     қазақстан-гермен үкіметаралық
     комиссиясы
 
     "Қазақстан Республикасы -     Ораз Әлиұлы Жандосов - Қазақстан
     Еуропалық Одақ" бірлескен     Республикасы Премьер-Министрінің
     комитеті                      орынбасары - Қазақстан Республикасының
                                   Қаржы министрі
 
     Сауда-экономикалық,          Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев -
     мәдени-гуманитарлық және     Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     ғылыми-техникалық            ақпарат және қоғамдық келісім министрі
     ынтымақтастық жөніндегі
     қазақстан-египет
     үкіметаралық комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық            Алтай Абылайұлы Тілеубердин -
     байланыстыр жөніндегі         Қазақстан Республикасы
     қазақстан-израиль комиссиясы  Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
 
     Сауда-экономикалық,
     ғылыми-техникалық,            Владимир Сергеевич Школьник -
     өнеркәсіптік және мәдени      Қазақстан Республикасының Ғылым
     ынтымақтастық жөніндегі       және жоғары білім министрлігі
     үкіметаралық
     қазақстан-үндістан
     бірлескен комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық,           Серік Мінәуарұлы Бүркітбаев - Қазақстан
     ғылыми-техникалық және        Республикасының Көлік, коммуникациялар
     мәдени ынтымақтастық          және туризм министрі
     жөніндегі қазақстан-иран
     үкіметаралық комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеев -
     тастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан Республикасының Табиғи
     қазақстан-испан комиссиясы    ресурстар және қоршаған ортаны
                                   қорғау министрі
 
     Өнеркәсіп және экономикалық   Жаннат Жұрғалиқызы Ертілесова -
     ынтымақтастық пен алмасу      Қазақстан Республикасының Қаржы
     жөніндегі үкіметаралық        бірінші вице-министрі
     қазақстан-итальян жұмыс тобы
 
     Жоғары деңгейдегі             Қырымбек Елеуұлы Көшербаев -
     қазақстан-катар               Қазақстан Республикасының Денсаулық
     бірлескен комиссиясы          сақтау, білім және спорт министрі
 
     Сауда-экономикалық және       Серік Мінәуарұлы Бүркітбаев - Қазақстан
     ғылыми-техникалық ынтымақ.    Республикасының Көлік, коммуникациялар
     тастық жөніндегі үкіметаралық және туризм министрі
     қазақстан-қытай комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық            Мұхтар Қабылұлы Әблязов - Қазақстан
     ынтымақтастық жөніндегі       Республикасының Энергетика, индустрия
     үкіметаралық қазақстан-латыш  және сауда министрі
     комиссиясы
 
     Бірлескен үкіметаралық        Данияр Рүстемұлы Әбілғазин - Қазақстан
     қазақстан-ливия комиссиясы    Республикасының Қаржы вице-министрі
                                   -  Қазақстан Республикасы Қаржы
                                   министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                                   жекешелендіру комитетінің төрағасы
 
     Сауда-экономикалық            Мұхтар Қабылұлы Әблязов - Қазақстан
     ынтымақтастық жөніндегі       Республикасының Энергетика, индустрия
     үкіметаралық қазақстан-литва  және сауда министрі
     комиссиясы
 
     Бірлескен қазақстан-малайзия  Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов -
     сауда-экономикалық комитеті   Қазақстан Республикасының
                                   Инвестициялар жөніндегі агенттігінің
                                   төрағасы
 
     Сауда-экономикалық,           Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов -
     ғылыми-техникалық және        Қазақстан Республикасының Әділет
     мәдени ынтымақтастық          министрі
     жөніндегі үкіметаралық
     қазақстан-монғол
     комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық,           Қырымбек Елеуұлы Көшербаев -
     ғылыми-техникалық және        Қазақстан Республикасының Денсаулық
     мәдени ынтымақтастық          сақтау, білім және спорт министрi
     жөніндегі үкіметаралық
     қазақстан-пәкістан
     бірлескен комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық            Данияр Рүстемұлы Әбілғазин - Қазақстан
     ынтымақтастық жөніндегі       Республикасының Қаржы вице-министрі
     қазақстан-палестина           - Қазақстан Республикасы Қаржы
     комиссиясы                    министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                                   жекешелендіру комитетінің төрағасы
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Есберген Әбітайұлы Әбітаев -
     тастық жөніндегі              Қазақстан Республикасының
     қазақстан-поляк комиссиясы    Энергетика, индустрия және
                                   саудасының бірінші вице-министрі
 
     Сауда-экономикалық және       Шалбай Құлмаханов - Қазақстан
     ғылыми-техникалық ынтымақ.    Республикасының Төтенше жағдайлар
     тастық жөніндегі              жөніндегі агенттігінің төрағасы
     қазақстан-румын комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық,           Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов -
     ғылыми-техникалық және мәдени Қазақстан Республикасының Әділет
     ынтымақтастық жөніндегі       министрі
     қазақстан-сауд үкіметаралық
     комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық және       Ерболат Асқарбекұлы Досаев -
     ғылыми-техникалық ынтымақ.    Қазақстан Республикасының
     тастық жөніндегі              Энергетика, индустрия және
     қазақстан-словак комиссиясы   сауда вице-министрі
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов -
     тастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан Республикасының Сыртқы
     қазақстан-тайланд комиссиясы  істер бірінші вице-министрі
 
     Үкіметаралық қазақстан-түрік  Мұхтар Қабылұлы Әблязов - Қазақстан
     экономикалық комиссиясы       Республикасының Энергетика, индустрия
                                   және сауда министрі
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов -
     тастық жөніндегі қазақстан-   Қазақстан Республикасының Сыртқы
     фин комиссиясы                істер бірінші вице-министрі
 
     Экономикалық ынтымақтастық    Мұхтар Қабылұлы Әблязов - Қазақстан
     жөніндегі үкіметаралық        Республикасының Энергетика,
     қазақстан-француз жұмыс тобы  индустрия және сауда министрі
 
     Сауда-экономикалық            Ерболат Асқарбекұлы Досаев -
     ынтымақтастық жөніндегі       Қазақстан Республикасының
     қазақстан-чех комиссиясы      Энергетика, индустрия және сауда
                                   вице-министрі
 
     Сауда-экономикалық ынтымақ.   Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов -
     тастық жөніндегі              Қазақстан Республикасының
     қазақстан-швейцар комиссиясы  Инвестициялар жөніндегі
 
                                   агенттігінің төрағасы
 
     Сауда-экономикалық            Мұхтар Қабылұлы Әблязов - Қазақстан
     ынтымақтастық жөніндегі       Республикасының Энергетика, индустрия
     үкіметаралық қазақстан-эстон  және сауда министрі
     комиссиясы
 
     Сауда-экономикалық және       Ораз Әлиұлы Жандосов - Қазақстан
     ғылыми-техникалық ынтымақ.    Республикасы Премьер-Министрінің
     тастық жөніндегі              орынбасары - Қазақстан Республикасының
     қазақстан-оңтүстік корея      Қаржы министрі
     комиссиясы
 
     Экономикалық ынтымақтастық    Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев -
     жөніндегі қазақстан-жапон     Қазақстан Республикасы
     комитеті                      Премьер-Министрінің орынбасары
                                   - Қазақстан Республикасының
                                    Сыртқы істер министрі