Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 14 қарашадағы № 1384 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.09.02 № 124 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Үкiметтiң 1996 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы № 1732 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 38, 492-құжат):

реттiк нөмiрi 43-жолы алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 43-жолы нөмiрi 44-жолы мынадай редакцияда берiлсiн:

     "44". Жауапкершiлiгi           Әдiлетминi        қараша,
           шектеулi                 Экономикалық     желтоқсан"
           серiктестiктер           саясат
           (қоғамдар)               бөлімі
           туралы" Заң
 

2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi