Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 186 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Фосфор өндірісінің қалпына келтіріліп жатқан кәсіпорындарын қолдау және сары фосфордың экспортына лицензиялар беру рәсімдерін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж. № 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға "Экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі" деген 4-қосымшада:

     "Есірткілік және ақыл-естен айыратын заттар, улар" деген бесінші жолда:

2-бағандағы "тізбе бойынша" деген сөздерден кейін "сары фосфордан басқа. СЭҚ ТН коды 280470000" деген сөздермен толықтырылсын;

     1, 2 және 3-бағандар мынадай мазмұндағы алтыншы жолмен толықтырылсын:
     "Сары фосфор             280470000    Табиғи ресурстар
                                           және қоршаған
                                           ортаны қорғау
                                           министрлігі".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі