Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы
№ 187 Қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақта:

     "Жандосов Ораз Әлиұлы       - Қазақстан Республикасы
                                   Премьер-Министрінің бірінші
                                   орынбасары, төраға
 
     Кешубаев Ғалиаусат          - Қазақстан Республикасы
     Қайырбекұлы                   Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                   орынбасары, төрағаның орынбасары
 
     Бектасов Әбен Ағыбайұлы     - Қазақстан Республикасы Бағалы
                                   қағаздар жөніндегі ұлттық
                                   комиссиясының төрағасы (келісім
                                   бойынша)"
 
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жандосов Ораз Әлиұлы       - Қазақстан Республикасы Премьер-
                                   Министрінің орынбасары,
                                   Қазақстан Республикасының
                                   Қаржы министрі, төраға
 
     Бектасов Әбен Ағыбайұлы     - Қазақстан Республикасы
                                   Мемлекеттік кіріс вице-министрі,
                                   төрағаның орынбасары
 
     Кешубаев Ғалиаусат          - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Қайырбекұлы                   Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                   орынбасары";
 

Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

     "Өмірбаев Әділхан           - Қазақстан Республикасының
     Әбдірахманұлы                 Мемлекеттік қызмет істері
                                   жөніндегі агенттігі төрағасының
                                   орынбасары - Атқарушы
                                   директоры";

Александр Сергеевич Судьин, Рашид Алтайұлы Аманжолов көрсетілген құрамнан шығарылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру комиссиясы туралы ережеде:

ІІ "Негізгі міндеттері" деген тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"2000 жылдың басынан бастап ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі проблемалары жөнінде (2000 жылдың проблемасы) Үкіметке материалдар дайындау;

ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін үйлестіру";

ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарау мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

"12. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүктелсін".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі