Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 13 мамырдағы № 827 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды

"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі iс-қимыл бағдарламасы туралы" "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 13 желтоқсандағы № 2680 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3399 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспарына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

реттiк нөмiрi 41, "Заң жобасының атауы" бағанындағы жол "жаңа редакциясы" деген сөзбен толықтырылсын;

реттiк нөмiрi 59 а мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

     "59 а Қазақстан           Энергетика және          қыркүйек
     Республикасының кейбір    табиғи ресурсминi,       қазан
     заң актілеріне            Экономсаудаминi,         қараша
     өзгерістер мен            Әдiлетминi
     толықтырулар енгізу       __________________
     туралы (энергия үнемдеу   Үкiмет шешiмдерiн
     мәселесi жөнiнде)         әзiрлеудi үйлестiру
                               бөлiмi
 
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi