Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 138 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 26.06.99 ж. № 864 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж. № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 469-тараумен және жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
469. "Кедентранссервис"
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Алматы қаласы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі