Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 10 ақпандағы № 106 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 35, 319-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы "1999 жылдың 30 қаңтарына дейін" деген сөздер "1999 жылдың 28 ақпанына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі