Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 326 қаулысымен күші жойылды

 

Мемлекеттің бастамашылығы бойынша банкрот деп танылған таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау және сату жөніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) қазақша мәтіні дұрыс;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) уәкілетті органның таратылатын ұйымның мүлкін сатудың жоспарын бекітуі";

10-тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөз "кредиторлар комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

13-тармақтың 1) тармақшасындағы "уәкілетті органға" деген сөздер "кредиторлар комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

15-тармақта:

бірінші абзацтағы "бастапқы" деген сөзден кейін "(және сауда-саттықтың голландиялық әдісі кезінде ең төменгі)" деген сөздермен толықтырылсын, "Төлеуді кейінге қалдырып сату мүмкіндігі кредиторлар комитетінің келісімі бойынша сату жоспарына кіргізіледі" деген сөздер алынып тасталсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Ұйымдардың мүлкін (активтерін) сату кезіндегі бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасының отыз процентінен кем болмайды, ал кейінге қалдыру кезеңі үш айдан аспауы тиіс";

24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"24. Сауда-саттық өтпеген деп танылған жағдайда сатушы кредиторлар комитетінің келісім бойынша сату жоспарына өзгеріс енгізуге құқылы. Өзгеріс сатылатын лоттардың өзгеше құрылымын және/немесе өзгеше бастапқы (ең төменгі) бағаны қамтуы мүмкін;

25. Аукциондар олардың өткізілетіндігі туралы көпшілік хабарланған күннен бастап он күнтізбелік күннен бұрын өткізілмеуі тиіс".

37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"37. Сауда-саттықтар өткізу туралы ақпараттық хабарлама сауда-саттықтарды өткізуден кемінде 10 күн бұрын ресми басылымдарда қазақ және/немесе орыс тілдерінде жариялануы тиіс".

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі