«Қазмеханобр» мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіптік экология бірлестігін Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі -
Ғылым академиясының қарауына беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 1338 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. «Қазмеханобр» мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіптік экология бірлестігі Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының қарауына берілсін.

2. ҚР Үкіметінің 1999.03.31. № 347 қаулысымен күшін жойды

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі