"Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балық
өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйек № 909 қаулысы

Атырау облысында екі бекіре балық өсіру зауытының пайдалануға қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2) "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2000.11.30. № 1792 қаулысымен күші жойылды

3. Уәкілетті мемлекеттік басқару органы бір айлық мерзім ішінде "Орал- Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысын бекітсін және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4. "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның негізгі міндеттері жас бекіре балықтар түрлерін өсіру және олармен Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарын балықтандыру болып белгіленсін.

5. ҚР Үкіметінің 2000.11.30. № 1792 қаулысымен күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі