Акционерлік қоғамдардың мәселелерi бойынша Қазақстан
Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 10 шiлдедегі № 282-1 Заңы

Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 жылғы 11 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 30 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы).

34-баптың 2-тармағы "шаруашылық серiктестiк" деген сөздерден кейiн ", акционерлік қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ "қоғамдық бiрлестiк" деген сөздерден кейiн ", акционерлік қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;

36-баптың 2-тармағы "шаруашылық серiктестiктер" деген сөздерден кейiн ", акционерлік қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;

41-бапта:

3-тармақтың екiншi бөлiгi "шаруашылық серiктестiктер" деген сөздерден кейiн ", акционерлік қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "басқару органдары" деген сөздер "оның органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

42-баптың 6-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;";

3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) шаруашылық серiктестiктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгерген;";

50-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Акционерлік қоғамдардың мүлкiн бөлу ерекшелiктерi олар туралы заңдармен белгiленедi.";

58-бапта:

2-тармақтағы "акционерлік қоғам" деген сөздер алып тасталсын;

9-тармақтағы "акционерлік қоғамнан басқа" деген сөздер алып тасталсын;

1 бөлiгiнiң 2-тарауының 2-параграфының "Шаруашылық серiктестiк" деген II бөлiмiнiң 6-бөлiмшесi "Акционерлік қоғам" деген III бөлiгi болып есептелсiн;

85-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғамның акционерлерi осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.";

2-тармақтың екiншi абзацы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

"5. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн";

86-бапта:

1-тармақтағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

"Ашық қоғам шығарған акцияларын жабық, жеке және ашық әдiстермен орналастыруға құқылы";

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Ашық қоғам заңда көзделген тәртiппен баспасөз басылымында кiрiстер мен шығындар туралы жылдық және тоқсандық баланстар мен есептердi жариялауға мiндеттi.";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Акцияларды оның құрылтайшылары және алдын ала белгiленген адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғам өздерi шығарған акцияларды тек жабық әдiспен орналастыруға құқылы.";

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Жабық акционерлік қоғамның өз акцияларын сатқысы келетiн акционерi оларды қоғамның басқа қатысушыларына, ал олар бас тартқан жағдайда - қоғамның өзiне сатып алуға ұсынуға мiндеттi. Жабық акционерлік қоғамның акцияларын сату рәсiмiнiң ерекшелiктерi заң актілерінде айқындалады.";

87-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:

"Бiр қатысушы құрған акционерлік қоғамның құрылтай құжаты жарғы болып табылады.

Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиiс.";

2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары осы Кодекспен және өзге де заң актілерімен белгiленген мәлiметтердi қамтуға тиiс.";

3-тармақта:

бiрiншi абзацтағы "құрылтайшылардың құрылтай жиналысы" деген сөздер "құрылтайшылардың жалпы жиналысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi сөйлем алып тасталсын:

1)-4) тармақшалар алып тасталсын;

88-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"88-бап. Акционерлік қоғамның жарияланған және шығарылған (төленген) жарғылық капиталы

1. Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы шығарылатын болып жарияланған барлық акциялардың атаулы жиынтық құнынан тұрады және бiрыңғай валютамен көрсетiледi. Акционерлік қоғам шығаруға жарияланған акциялардың барлығын немесе бiр бөлiгiн шығаруға құқылы. Акционерлік қоғамның эмиссияларының жарияланған көлемiнен акцияларды толық орналастырмау ашық әдiспен орналастыру кезiнде жарияланған жарғылық капиталдың кемуiне әкеп соқпайды.

2. Акционерлік қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы шығарылған акциялардың атаулы жиынтық құнынан тұрады.

3. Акционерлік қоғамның жарияланған және шығарылған (төленген) жарғылық капиталын қалыптастырудың тәртібі заң актілерімен белгiленедi.";

89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"89-бап. Жарияланған, шығарылған (төленген) жарғылық капиталды арттыру

1. Акционерлік қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша акциялардың атаулы құнын арттыру немесе қосымша акциялар шығару арқылы жария етiлген жарғылық капиталды арттыруға құқылы. Акционерлік қоғамның жария етiлген жарғылық капиталын арттыруға толық төленгеннен кейiн жол берiледi.

2. Шығарылған (төленген) капиталды жария етiлген жарғылық капитал шегiнде жаңа акциялар шығару жолымен арттыру туралы шешiмдi, заң белгiлеген тәртiппен акционерлік қоғам директорларының кеңесi (директорлар кеңесi жоқ акционерлік қоғамда - акционерлік қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы) қабылдайды. Акционерлік қоғамның, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, залал шегiп отырған кезде акциялар эмиссиясын жүзеге асыруға құқығы жоқ.

3. Егер акционерлік қоғам акцияға айырбасталатын акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздар шығару жөнiнде өз ниетiн жария етсе, онда ол акцияға айырбасталатын осы жаңа акцияларды немесе бағалы қағаздарды заңдарда белгiленген тәртiппен оларда бар акцияларға барабар басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес өз акционерлерiне ұсынуға мiндеттi.

4. Жарияланған және шығарылған (төленген) жарғылық капиталды арттырудың тәртібі заң актілерімен белгiленедi.";

90-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"90-бап. Жарияланған, шығарылған (төленген) жарғылық капиталды азайту

"Акционерлік қоғамның жарияланған және шығарылған (төленген) жарғылық капиталын азайту заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.";

91-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"91-бап. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру

1. Акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздардың түрлерi заң актілерінде белгiленедi.

Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар.

2. Акционерлік қоғам акцияларды орналастыруды мынадай:

қоғамның құрылтайшылары және алдын ала белгiленген адамдар тобының арасында - жабық;

біліктi инвесторлардың арасында - жеке;

бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес аукцион және/немесе еркiн сауда өткізу арқылы шектелмеген адамдар тобының арасында - ашық тәсiлдермен жүзеге асырады.

Акционерлік қоғамның акциялар эмиссиясын тiркеудiң және оларды орналастырудың ерекшелiктерi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен айқындалады.

3. Акционерлік қоғам қоғамның белгiлi бiр мүлкiнiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген, үшiншi тұлғалардың кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген облигациялар, қамтамасыз етiлмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлік қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртібі бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен белгiленедi.

4. Бағалы қағаздар бойынша табысты төлеудiң нысаны, тәсiлi және тәртібі акционерлік қоғамның жарғысымен немесе бағалы қағаздар эмиссиясының (шығару шарттары) проспектiсiмен заң актілерінде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып белгiленедi

5. Егер қоғам банкроттық туралы заңдарға сәйкес төлемге қабiлетсiздiк немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе немесе қоғамда аталған белгiлер дивидендтер жөнiнде жарияланып, төлегеннен кейiн пайда болса, акционерлік қоғамның келесi жылы қоғамның терiс өз капиталы болғанда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ.

Заң актілерінде акционерлік қоғамның жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуiне және облигациялар шығаруына тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн.қоғамның

6. Акционерлік қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен туынды бағалы қағаздар, опциондар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.";

92-бапта:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актілерімен белгiленедi.

3. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлік қоғамның өзге органдарына беруге болмайды.

4. Акционерлік қоғамда директорлар кеңесi құрылады, осы Кодексте, заң актілерінде және акционерлік қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заң актілерінде және акционерлік қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлік қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.

Жабық акционерлік қоғамның жарғысында акционерлік қоғамды директорлар кеңесiн құрмай-ақ басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда осы Кодексте және заң актілерінде директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне берiледi.";

5-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі ", дирекция" деген сөз алып тасталып, "қадағалау кеңесi" деген сөздер "директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын";

5-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "қоғамды басқару" деген сөздер "қоғам" деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

"6. Акционерлік қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру үшiн тексеру комиссиясы құрылуы немесе акционерлік қоғамның акционерлерi немесе кәсiби аудиторлар (бухгалтерлер) арасынан оның тексерушiсi сайлануы мүмкiн.

Акционерлердiң жалпы жиналысының акционерлік қоғамның жылдық қаржы есебiн тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) қорытындысыз бекітуге құқығы жоқ.

Акционерлік қоғамда заң актілеріне сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкiн.";

6-тармақ 7-тармақ болып есептелсiн;

7-тармақта "акционерлік қоғамды басқару" деген сөздер "акционерлік қоғам" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

"8. Кез-келген акционер қоғамның жылдық қаржылық есебiн аудиторлық тексерудi, сондай-ақ оның iстерiнiң ағымдағы жай-күйiн тәуелсiз аудитордың тексеруiн өз есебiнен жүргiзудi талап етуге құқылы.";

I бөлiмнiң 2-тарауының 2-параграфының II бөлiгiнiң жетiншi бөлiмшесi I бөлiмнiң 2-тарауының 2-параграфының IV бөлiгi болып саналсын және мынадай редакцияда жазылсын:

"IV. Еншiлес және тәуелдi акционерлік қоғам";

94-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"94-бап. Еншiлес ұйым

1. Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.

2. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi.

Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқығы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады.

Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.

3. Егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымның оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

4. Еншiлес ұйымдар ережелерiнiң осы бапта көзделмеген ерекшелiктерi заң актілерімен айқындалады."

95-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бiр-бiрiнiң шығарылған жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр шығарылған (төленген) жарғылық капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң шығарылған (төленген) жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.

4. Бiр-бiрiнiң шығарылған (төленген) жарғылық капиталына тәуелдi және өзара қатысатын акционерлік қоғамдардың осы бапта көзделмеген жағдайының ерекшелiктерi заң актілерімен айқындалады.";

"Азаматтық құқықтар субъектiлерi" деген 2-тараудағы "Заңды тұлғалар" деген 2-параграфының III, IV, V бөлiктерi V, VI, VII бөлiктер деп есептелсiн.

130-баптың 3-тармағында "заң" деген сөз "осы Кодекспен және заң" деген сөздермен ауыстырылсын;

136-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"136-бап. Облигация

Оны иеленушiнiң облигацияның атаулы құнын немесе өзге де мүлiктiк эквивалентiн облигация шығарған тұлғадан оны шығару шарттарында белгiленген мерзiмде алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз облигация ретiнде танылады.

Облигация, сондай-ақ оны ұстаушыға ол бойынша облигация шығару шарттарына сәйкес сыйақы (мүдденi) алуға құқық бередi.";

139-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Акционерлік қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акцияларды шығару тәртібі заңдармен белгiленедi.".

2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35 құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 жылғы 30 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

7-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi "шаруашылық серiктестiктерi" деген сөздерден кейiн ", акционерлік қоғамдар" деген сөздермен толықтырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37 құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат):

11-баптың 1-тармағында:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi";

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

"8) инвестициялық қордың қызметi."

15-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк түрлерi бойынша лицензиялар берудiң шарттары мен тәртібі бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен белгiленедi".

4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 жылғы 30 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

"Шаруашылық серiктестiктерiнiң жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi" деген II бөлiмнiң "Акционерлік қоғам" деген 5-тарауы және 37-61-баптар алынып тасталсын.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат):

12-баптың 1-тармағындағы "ұсынушыға акция шығару құқығынсыз" деген сөздер алып тасталсын;

16-бапта:

3-тармақтағы "жарғы капиталына" деген сөздердiң алдынан "жаңадан құрылған" деген сөздер жазылсын;

8-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "белгiленген" деген сөздiң алдынан "келесi үш күнтiзбелiк ай бойы" деген сөздер жазылсын;

17-баптың 4-тармағындағы "банкте болған жағдайда" деген сөздерден кейiн "келесi үш күнтiзбелiк ай бойы" деген сөздермен толықтырылсын;

30-баптың 4-тармағының б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"б) дилерлiк - мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ осы Жарлықтың 8-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен;";

43-баптың бiрiншi сөйлеміндегі "дивидендтердi төлегенге дейiн" деген сөздерден кейiн "жай акциялар бойынша" деген сөздер жазылсын.

6. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат):

2-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"антеррайтер - бағалы қағаздар рыногында делдалдық және дилерлiк қызметке лицензиясы бар және эмитенттiң бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелерiне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға";

үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Белгiлi бiр тұлғаның аффилиирленген тұлғасы ("аффилиирленген тұлға") - қоғамның белгiлi бiр тұлғаның шешiмiн тiкелей және/немесе жанама айқындауға және/немесе ол қабылдайтын шешiмге ауызша уағдаластықты қоса алғанда, шарттың немесе өзге бiр мәмiленiң күшi арқылы ықпал етуге құқығы бар кез келген заңды немесе жеке тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде сол тұлғаның қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ оған қатысты осы тұлғаның осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарды, қоғамның дауыс беретiн акцияларының он және оның одан да көп процентiн (ашық халықтық қоғамдар үшiн - бес және одан да көп процентiн) иеленетiн акционер мiндеттi түрде акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылады;";

отыз тоғызыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"эмиссия бағалы қағаздарды шығару және орналастыру;";

мынадай мазмұндағы қырқыншы бөлiкпен толықтырылсын:

"эмиссиялық синдикат - эмитенттiң бағалы қағаздарын орналастыру мақсатында құрылған бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының бiрлестiгi";

7-баптың 3-тармағында "тiзiлiмде тiркелетiн және бағалы қағаздардың сертификаттарымен расталуы мүмкiн" деген сөздер "бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiне тiркелетiн шығару нысаны" деген сөздермен ауыстырылсын".

9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұнды екiншi абзацпен толықтырылсын:

"Бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бiрiнiң талап етуi бойынша нотариалдық куәландырылуға тиiс."

10-баптың төртiншi бөлiгi "кәсiпқой қатысушылар" деген сөздерден кейiн "және олардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;

11-баптың екiншi бөлiгi "бақылау" деген сөзден кейiн "және акционерлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау" деген сөздермен толықтырылсын.

13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"13-бап. Бағалы қағаздардың эмиссиясы

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (акцияларды, облигацияларды) жарияланған жарғылық капиталды құру және өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында эмитент жүргiзедi";

15-баптың бiрiншi бөлiгiнде:

бесiншi абзацтағы "(соның iшiнде олардың толық төленуiн)" деген сөздер алып тасталсын;

алтыншы абзацтағы "шығару мен" деген сөздер алып тасталсын;

16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"16-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды мемлекеттік тiркеу шарттары мен тәртібі

1. Осы баптың 3-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда мынадай акциялардың эмиссиясы мемлекеттік тiркеуге жатпайды:

заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, акционерлік қоғамдардың үлгiсiне қарамастан, олардың акцияларының бастапқы эмиссиясы;

жабық акционерлік қоғамдардың акцияларының кейiнгi эмиссиясы;

ашық акционерлік қоғамдар акцияларының жабық немесе жеке тәсiлмен орналастырылатын акцияларының кейiнгi миссиясы.

2. Ашық орналастыруды жүзеге асыратын ашық акционерлік қоғамдардың және осы баптың 3-тармағында көрсетiлген қоғамдардың акцияларының эмиссияларын мемлекеттік тiркеудiң, сондай-ақ акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсiмi мен тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Акционерлік қоғамдардың - банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың және Орталық депозитарийдiң акцияларының барлық эмиссиялары мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.

4. Акционерлік қоғамның акцияларын кез келген әдiспен орналастыруға осы акциялар эмиссиясында уәкiлеттi орган берген ұлттық сәйкестендiру нөмiрi болғанда ғана рұқсат етiледi. Бағалы қағаздар эмиссиясына ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiн берудiң тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

18-бапта:

7-тармақ алып тасталсын;

8-тармақ 7-тармақ болып саналсын;

21-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша бағалы қағаздар эмиссиясы болмады деп тануға құқылы:

инвесторлар үшiн елеулi мәнi бар бағалы қағаздар эмиссиясы нақты шарттарының тiркелген эмиссия проспектiсiне (тiркелген шығару шарттарына) сәйкес келмеуi;

тiркелген эмиссия проспектiсiне (тiркелген шығару шарттарына) сәйкес келмейтiн мәлiметтер бар бағалы қағаздардың шығарылуы мен орналастырылуы туралы жарнама науқанын жүргiзу;

бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есепте көрсетiлген мәлiметтердiң тiркелген эмиссия проспектiне (тiркелген шығару шарттарына) немесе осындай эмиссияның нақты орналастырылу деректерiне сәйкес келмеуi;

эмиссияны тоқтата тұрудың себебi болған жолсыздықтарды жою туралы уәкiлеттi органның ұйғарымын эмитенттiң орындамауы";

2-тармақ мынадай мазмұнды сөйлеммен толықтырылсын:

"Бағалы қағаздардың құнын өтеу инфляция коэффициентiн ескере отырып жүзеге асырылады";

22-бапта:

2-7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Эмитент, сондай-ақ оның андеррайтерлерi ықтимал инвесторларға бағалы қағаздарды сатып алғанға дейiн бағалы қағаздар эмиссиясы проспектiмен (шығару шарттарымен), сондай-ақ эмитенттiң қызметiмен және олар шығарған ескiру мерзiмi алты айдан аспауға тиiс бағалы қағаздар туралы ақпаратпен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Бағалы қағаздарды орналастыру кезеңiнде ықтимал инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын бағалы қағаздар эмиссиясының тiркелген проспектіндегі (тiркелген шығару шарттарындағы) деректермен салыстырғанда, iстiң нақты жай-күйіндегі өзгерістердi уәкiлеттi органда тiркеуге және ықтимал инвесторларға осы өзгерістер туралы және эмитенттiң қызметi мен олар шығарған бағалы қағаздары жөнiнде хабарлауға мiндеттi.

4. Ықтимал инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын эмитент iсiнiң нақты жай-күйіндегі өзгерістер деп мыналар танылады:

1) эмитенттiң органына кiретiн адамдар тiзiміндегі өзгерістер;

2) эмитенттiң және оның еншiлес ұйымдары мен тәуелдi акционерлік қоғамдарының органдарына кiретiн (өкiлдерi кiретiн) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жарғылық капиталдағы (шығарылған (төленген) жарғылық капиталдағы) үлес мөлшерiнiң өзгерістерi, сондай-ақ егер, олар әрбiр осындай ұйымның (ашық халықтық акционерлік қоғамның жарғылық капиталында бес және одан да көп процент) дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң, үлестiк жарналардың) он және одан да көп проценттерiн иеленген жағдайда, басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы (шығарылған (төленген) жарғылық капиталдағы) акционер үлесi мөлшерiнiң өзгерістерi;

3) эмитенттiң дауыс берiлетiн акцияларының он және одан да көп процентiн (ашық халықтық акционерлік қоғам үшiн - бес және одан да көп процентiн) иеленетiн эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) тiзiміндегі өзгерістер;

4) әрбiр осындай ұйымның дауыс берiлетiн акцияларының (үлестерiнiң, үлес жарналарының) он және одан да көп процентiн (ашық халықтық акционерлік қоғам үшiн - бес және одан да көп процентiн) эмитент иеленетiн заңды тұлғалардың тiзiміндегі өзгерістер;

5) акционерлердiң жалпы жиналысының (шаруашылық серiктестiктiң жоғары органының) шешiмдерi;

6) эмитентi, оның еншiлес ұйымдарын және тәуелдi акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру;

7) эмитенттiң шоттары мен мүлкiне тыйым салу;

8) эмитент лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе тоқтату не оны қайтарып алу;

9) эмитенттiң қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату;

10) ықтимал инвесторлардың мүлiктiк мүдделерiн қозғайтын және уәкiлеттi органдар осындай деп таныған өзге де өзгерістер.

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген эмитенттiң iсiнiң нақты жай-күйіндегі өзгерістерi туралы мәлiметтердi эмитент оларды тiркеу (бағалы қағаздар эмиссиясы проспектiсiне (шығару шарттарына) тиiстi өзгерістер енгізу үшiн) осындай өзгерістер туындаған кезден бастап жетi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәкiлеттi органға жiберуге тиiс.

6. Егер бағалы қағаздар эмиссиясы проспектiсiнде (шығару шарттарында), сондай-ақ эмитенттiң қызметi мен ол шығарған бағалы қағаздар туралы ақпаратта ықтимал инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын жалған, дәл емес немесе толық емес мәлiметтер болса, эмитент келтiрiлген нұқсан үшiн заңдарға сәйкес мүлiктiк жағынан толық жауапты болады, ол оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.

7. Инвесторларға (ықтимал инвесторларға) бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiсiнде (шығару шарттарында) және эмитенттiң қызметi туралы және ол шығарған бағалы қағаздар туралы ақпаратта жалған, дәл емес немесе толық емес мәлiметтердi табыс ету немесе жариялау арқылы келтiрiлген нұқсан үшiн эмитенттiң жауапкершiлiгiн шектейтiн инвесторлар (ықтимал инвесторлар) мен эмитент арасындағы жасалған келісім жарамсыз деп есептеледi.";

8-тармақ алып тасталсын;

23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Ашық қоғам бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде андеррайтердiң қызметiн пайдалана алады. Бағалы қағаздар рыногындағы андеррайтердiң қызметiн бағалы қағаздар рыногында атаулы ұстау құқығымен брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары жүзеге асыруға құқылы.

Андеррайтер қызметiн жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары эмиссиялық синдикаттар құруға құқылы.

Эмиссиялық синдикат бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде құрылады.

Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының андеррайтер қызметiн жүзеге асыруының шарттары мен тәртібі бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен реттеледi";

24-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Эмитент бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi оларды орналастырудың әрбiр алты айдағы қорытындылары бойынша, сондай-ақ түпкiлiктi орналастыру аяқталғаннан кейiн бiр айдың iшiнде уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.

Ашық халықтық акционерлік қоғам тоқсан аяқталғаннан кейiн жиырма күн iшiнде өз акцияларын нақты орналастырылуы туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тоқсандық баланстар және кiрiстер мен шығыстар туралы есебiн баспасөз басылымында жариялауға және уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.";

3-тармақтағы "бекіту" деген сөз "қарау" деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Уәкiлеттi орган акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептi 14 күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды."

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу немесе оларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептi қарау үшiн эмитент ұсынған мәлiметтердiң бұрыстығы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган эмиссияны тоқтата тұру немесе оны болмаған деп тану туралы шешiм қабылдауға құқылы";

7-9-тармақтар алып тасталсын;

8-тармақ 7-тармақ болып есептелсiн;

мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2 баптармен толықтырылсын:

"24-1-бап. Бағалы қағаздар ұстаушыларды уәкiлеттi органның хабардар етуi

1. Бағалы қағаздар рыногында жасалған немесе жасалуы мүмкiн құқық бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар ұстаушыларды хабардар ету және оларды ескерту мақсатында уәкiлеттi орган баспа басылымында:

баспа бағалы қағаздар шығару мен орналастыруды тоқтата тұру және эмиссияны болмаған деп тану туралы;

бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алу немесе оның күшiн тоқтата тұру туралы;

эмитенттердiң және бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн тексеру туралы мәлiметтердi жариялайды.

2. Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы мәлiметтер базасын жүргiзедi.

24-2-бап. Инвесторлардың бағалы қағаздар рыногындағы құқықтарын қорғау

1. Инвесторлардың бағалы қағаздар рыногындағы құқықтарын қорғау мақсатында уәкiлеттi орган эмитенттер мен бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiне тексерiс жүргiзедi.

Тексерiстiң нәтижелерi бойынша, бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңдардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган:

эмитенттерге және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге;

бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiлiмiнiң жекелеген дербес шоттары және тұтас алғанда, тiзiлiм бойынша бағалы қағаздардың қозғалысын тоқтата тұруға;

кiнәлi тұлғалардың жауапкершiлiктерi туралы мәселелердi заңдарға сәйкес шешуге құқылы.

2. Эмитенттердiң және бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган:

ұсынылған құжаттарды қарау;

мүдделi тараптардың өкiлдерiн жолсыздық фактiсi бойынша олардың түсiнiктемелерiн тыңдау мақсатында шақыру;

эмитенттiң немесе бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушының орналасқан жерi бойынша тексерiс жүргiзу арқылы жүзеге асырады.

Тексерiстер жүргiзудiң және олардың нәтижелерiн ресiмдеудiң тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Уәкiлеттi орган, заңдарда көзделген жағдайларда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қатысушылардың көрсеткен қызметi үшiн сыйақы мөлшерiнiң негiздiлiгiн айқындауға құқылы.";

26-баптың 1-тармағындағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

"Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудiң шарттары мен тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi";

33-баптың 1-тармағы "қызметтi" деген сөзден кейiн "және заң актілеріне сәйкес өзге де қызмет түрлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

34-бапта:

4-тармақтағы "уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде" деген сөздер алып тасталсын;

8-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі екiншi сөйлем алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

"11. Тiркеушi эмитенттiң, оның лауазымды адамдарының және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп осы эмитенттiң дауыс берiлетiн акцияларының (үлестерiнiң, үлестiк жарналарының) бес және одан да көп процентiн иеленетiн әрбiр жеке акционерiнiң (қатысушының) аффилиирленген тұлғасы болуға тиiс емес.";

36-баптың 3-тармағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құпиялық режимi бойынша және" деген сөздермен ауыстырылсын;

37-бапта:

бiрiншi тармақ "құратын" деген сөзден кейiн "жабық" деген сөзбен толықтырылсын;

2-тармақ "және оның қызметiнен түскен кiрiстер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "өзге" деген сөз "тауарлық" деген сөзбен ауыстырылсын;

6-тармақтағы "бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

38-бапта:

екiншi және үшiншi бөлiктеріндегі "бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртiншi бөлiгіндегі "бағалы қағаздарға" деген сөздер "қаржы құралдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

39-баптың 1-тармағындағы "осы қор биржасының лизингiне енгiзiлген бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Биржалық кеңес Қор биржасы директорлар кеңесiнiң мiндеттерiн атқарады";

44-бапта:

1-тармақтағы "бағалы қағаздардың" деген сөздер "қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың бесiншi бөлiгіндегі "бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "бағалы қағаздарды" деген сөздер "қаржы құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

47-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"47. Қор биржасында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты жариялау";

50-баптың 1-тармағында:

"болып табылатын" деген сөздерден кейiн "жабық" деген сөзбен толықтырылсын;

"өзiн-өзi реттейтiн ұйым" деген сөздер "өзiн-өзi реттейтiн ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының қауымдастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың қауымдастығы қызметiн лицензияның негiзiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйым ретiнде жүзеге асыруға құқылы.".

7. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат; 13-14, 205-құжат):

2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен мiндеттi тiркеуге жатады";

7-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Тiркеушiнiң көрсететiн қызметiне ақының ең жоғары мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен принциптерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi";

10-баптың 2-тармағында "эмитенттерге қызмет көрсетуге" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.

19-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылары мен халықаралық қаржы ұйымдары жабық акционерлік қоғам нысанында құратын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий алатын табыс оның қатысушыларының арасында бөлiнбейдi және оны техникалық дамытуға жұмсалады;";

20-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Орталық депозитарийдiң ашық халықтық акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға құқығы бар.";

25-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Бағалы қағаздармен екi жақты немесе көпжақты жасалған мәмiлелердi тiркеу мәмiлелерге қатысушылардың үстеме бұйрықтары болғанда, жүзеге асырылады. Мәмiлеге қатысушылардың мiндеттемелерi олардың арасында жасалған жазбаша шарттың ережелерiмен айқындалады.";

26-баптың 1-тармағында "осы бағалы қағаздарға құқықтарды" деген сөздер "осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

8. "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы Заңында (Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 57-құжат; № 13-14, 205-құжат):

1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Активтеріндегі өзге эмитенттердiң эмиссиялық бағалы қағаздарының құны оның таза активтерi құнының қырық процентiне тең инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген ашық акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды одан әрi сатып алу жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқығы жоқ.";

8-бапта:

1-тармақта:

"шаруашылық серiктестiктерi туралы" деген сөздер алып тасталсын;

ж) тармақшасы "басқармасы" деген сөздерден кейiн "директорлар кеңесi мен" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақтағы "басқарманың" деген сөз "директорлар кеңесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

9-бапта:

баптың атауындағы және мәтiніндегі "басқармасы", "басқармасының", "басқарма" деген сөздер "директорлар кеңесi", "директорлар кеңесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "шаруашылық серiктестiктерi туралы" деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақтағы "басқарма" деген сөз алып тасталсын, "табыс етiп отырады" деген сөздер "берiледi" деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақ алып тасталсын;

10-баптың 2-тармағы "атаулы" деген сөзден кейiн "жай" деген сөзбен толықтырылсын;

11-бапта:

баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"11-бап. Өзара қордың өз акцияларын сатып алуы және сатуы";

1-тармақтағы "жарғылық қордың" деген сөздер "жарғылық капиталдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "өзара қордың өз ақша қаражаты есебiнен ғана" деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақтағы "сатып алу және" деген сөздер алып тасталсын;

5-тармақтың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:

"Өзара қор өзiнiң акцияларын сатып алуға өтiнiм берiлген күннiң соңындағы жай-күйi бойынша айқындалатын бағамен сатып алуға тиiс";

6-тармақтағы "басқарманың" деген сөз "директорлар кеңесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтағы "жарғылық қорының" деген сөздер "жарғылық капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Өзара қордың акцияларын сатуы оның таза активтерi құнының негiзiнде айқындалатын баға бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.";

13-бапта:

2-тармақтағы "сондай-ақ артықшылығы бар акциялар шығаруға" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

"5. Инвестициялық қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлерi бiр мезгiлде оның басқарушысының, кастодианының, тiркеушiсiнiң және бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың лауазымды адамдары немесе қызметкерлерi бола алмайды.

6. Инвестициялық қордың оның активтерiн басқаруға және қордың акционерлерiмен жүргiзiлетiн жұмысқа байланысты жыл iшіндегі шығыстары осы кезеңге дивидендтердi төлеудi қоса алғанда, оның таза активтерiнiң жылдық орташа құнының он процентiнен аспауға тиiс";

15-баптың 5-тармағы "Тиiстi қорлардың" деген сөздердiң алдынан "Уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтер сақталған және" деген сөздермен толықтырылсын;

17-бапта:

1-тармақтағы "басқаруға" деген сөз "басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "осы заңда белгiленген" деген сөздер "бағалы қағаздар топтамасын басқару жөніндегі қызметтен басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"18-бап. Инвестициялық қор басқарушысының сыйақысы мөлшерi тараптардың бағалы қағаздар топтамасын басқару туралы шартта жасалған келісімiмен белгiленедi.

Бағалы қағаздар топтамасын басқару туралы шартта басқарушыға төленетiн сыйақының мөлшерi проценттiк қатынаста тиiстi инвестициялық қордың белгiлi бiр кезеңдегi орташа құнының инвестициялық қордың таза активтерi құнының өсуiнен, инвестициялық қордың алған пайдасынан немесе өзге жолмен айқындалатыны белгiленуi мүмкiн.

2. Басқарушыға төленетiн сыйақының жылдық ең жоғары мөлшерi осы төленген дивидендтердi қоса есептегенде, инвестициялық қордың таза активтерiнiң жылдық орташа құнының бес процентiнен аспауға тиiс.

3. Инвестициялық қордың бағалы қағаздар топтамасын басқару жөніндегі басқарушының шығыстары басқарушының сыйақысына қосылады.";

19-баптың бiрiншi бөлiгiнiң "г" тармақшасы алып тасталсын;

20-баптың 2-тармағындағы "басқарушылардың" деген сөз "инвестициялық қорлардың және олардың басқарушыларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

21-бапта:

1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Инвестициялық қор инвестициялық қор ретiнде жұмыс iстеуге Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi органның лицензиясын алуы тиiс.";

2-тармақтың "Осы баптың 1-тармағында аталған" деген сөздер "Лицензиялауға ұсынылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

"4. Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызмет субъектiсi ретiнде қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны қайтарып алу инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға немесе таратуға әкеп соғады.";

23-бапта:

1-тармақта "олар алған лицензияға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-тармақтың б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"б) оның басқарушысының, кастодианының немесе тiркеушiсiнiң лицензиясын тоқтата тұру немесе қайтарып алу;".

9. Қазақ КСР-iнiң 1963 жылғы 28 желтоқсандағы заңымен бекітілген Қазақ КСР Азаматтық Iс жүргiзу кодексiне (Қазақ КСР, Жоғарғы Кеңесi мен Үкіметінiң Жаршысы, 1964 ж., № 2, 1988 ж., № 2, 19-құжат; № 15, 148-құжат; № 16, 159-құжат; 1990 ж., № 11, 110-құжат; 1991 ж., № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 294-құжат; № 24, 597-құжат; 1993 ж., № 8, 161-құжат; № 17, 419-құжат; 424-құжат; 1995 ж., № 23, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 11, 152-құжат):

6-бапта:

мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Акциялардың қосымша эмиссиясы жөніндегі iстердi соттың шешiмi бойынша iстердi сот тергеуiне даярлау ескерiле отырып, 10 күннен кешiктiрiлмей бiрiншi инстанциядағы сот қарауға тиіс.";

үшiншi бөлiк төртiншi бөлiк болып есептелсiн.

Қазақстан Республикасының Президентi