Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" Заң
күшi бар Жарлығына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 280-1 Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат, № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

9-баптың 1-тармағында:

28) тармақшада "өсiмдiк пен шөптiң" деген сөздердiң алдынан "есiрткi және психотроптық заттары жоқ" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:

"43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет:

әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;

құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау."

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

Н. Назарбаев