Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 24 қарашадағы N
1593 және 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 29 қаңтардағы № 46 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

"Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 24 қарашадағы № 1593 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 36, 464-құжат):

2-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;

"1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

VII "реформаларды заңдармен қамтамасыз ету" тарауындағы реттiк нөмiрi 111:

"Қазақстан        Заңның жобасы,         шiлде    Жастурспортминi,
Республикасының   Үкiметтiң қаулысы      1997 ж.  Әдiлетминi"
дене тәрбиесi
мен спорты туралы
 

деген жолдар алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi