Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 18 қарашадағы № 1605 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кеден комитетiнiң келісімiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен төленетiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң және тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 16, 131-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң келісімiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен төленетiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң және тауарлардың тiзбесi реттiк нөмiрлерi 265-268, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

     "265 Металдардың бетiн өңдеуге арналған            3810 10 000
          препараттар: бояу балқитын ұстатқышпен
          дәнекерлеуге арналған немесе металдан
          тұратын және басқа да материалдарды
          дәнекерлеуге арналған ұнтақтар мен
          пасталар
 
      266 Күрделi органикалық, басқа жерде              3814 00
          аталмаған езгiштер мен қосқыштар:
          бояуларды немесе лактердi кетiруге
          арналған дайын құрамдар
 
      267 Теледидарлардың пластмассалық                 3901-3914-тен
          бөлiктерiн өндiруге арналған полимер*         (3902, 3909
                                                        10 000
                                                        қоспағанда)
 
      268 Теледидарлар шығаруға арналған                8529 90"
          жинақтаушылар
 
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi