Отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп тауарларын
өндiрудi дамытуды ынталандыратын шаралар кешенi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24
шiлдедегi № 1163 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды

Үкiметтiң 1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Қаржы министрлігімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп әзiрлеген отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрудi дамытуды ынталандыратын шаралар кешенi бекітілсiн /қоса берiлiп отыр/.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
 
                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінiң
                                       1997 жылғы 24 шiлдедегi
                                          № 1163 қаулысымен
                                              бекітілген
 

Отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк пен

жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрудi

дамытуды ынталандыру жөніндегі

ШАРАЛАР КЕШЕНI

____________________________________________________________________
 N |                               | Атқаруға         |Атқарылу
р/с|              Атауы            | жауаптылар       |мерзiмi
___|_______________________________|__________________|_____________
 1 |               2               |        3         |     4
___|_______________________________|__________________|_____________
 
  1 Тамақ және жеңiл өнеркәсiп      Экономсаудаминi    1997 жылдың
    кәсiпорындары жұмыстарының                         тамызы
    мониторингi жүйесiн әзiрлеу
    және оны iске қосуды
    қамтамасыз ету
 
  2 Тамақ және жеңiл өнеркәсiбiн      Бұл да сол       1997 жылдың
    реформалау бағдарламасын                           қазаны
    әзiрлеу және оны Қазақстан
    Республикасының Үкіметіне

ұсыну

  3 Қалың көпшiлiктiң сұранысы        Бұл да сол       1997 жылдың
    бар тауарлар рыногын жедел                         тамызы
    дамытуды қамтамасыз ететiн
    жеңiл, тамақ өнеркәсiбi және
    ауыл шаруашылығының ұқсату
    өнiмдер тауар-жобаларының
    тiзбесiн әзiрлеу және оны
    Қазақстан Республикасының
    Инвестиция жөніндегі
    мемлекеттік комитетiне ұсыну
 
  4 Шикiзат өндiрушiлер мен         Экономсаудаминi    1997 жылдың
    өңдеушi кәсiпорындардың         Облыстардың және   қыркүйегi
    арасындағы кооперациялық        Алматы қаласының
    байланыстар негiзiнде           әкiмдерi,
    өндiрiстiк кешендер құру        Ауылшарминi
    жөніндегі жағдайларды

пысықтау

  5 Республиканың қайта өңдеушi     Экономсаудаминi,      _"_
    кәсiпорындарына ауыл            Ауылшарминi
    шаруашылығы шикiзаттарын
    берудi ынталандыру жөнiнде
    ұсыныстар дайындау
 
  6 Iшкi тұтыну рыногын қорғау      Экономсаудаминi    1997 жылдың
    шараларын енгізу үшiн                              тамызы
    әкелiнетiн өнiмдерге
    импорттық тарифке байланысты
    оның барынша жоғары деңгейiн

әзiрлеу

  7 "Жетiсу" АҚ сынақ лаборато.     Экономсаудаминi    1997 жылдың
    риясы базасында аяқ киім                           тамызы
    шығару үшiн аяқ киім және
    шикiзатты сертификаттаудың
    Республикалық орталығын
    ұйымдастыру жөніндегі
    дайындықты аяқтау
 
  8 Қазақстан жүнiн сертифи.        Ғылымминi -         _"_
    каттаудың Республикалық         Ғылым академиясы,
    орталығын ұйымдастыру үшiн      Қазақ ғылыми-
    жобалау-сметалық құжатта.       зерттеу техноло.
    маны әзiрлеу                    гиялық институты
 
  9 Отандық тауар өндiрушiлердi     Экономсаудаминi      _"_
    қорғау және қолдау мақсатында   Мемкеденкомы
    Қазақстан Республикасы Үкiме.
    тiне "Әкелiнетiн тауарларға
    кедендiк баж ставкалары
    туралы" қаулының жобасын ұсыну
 
 10 Қазақстан Республикасы          Экономсаудаминi    1997 жылдың
    Үкіметіне тамақ және жеңiл                         қыркүйегi
    өнеркәсiбiнде лизингтiк
    қатынастарды қалыптастыру
    және дамыту жөнiнде ұсыныс

енгізу Бұл да _"_ 11 Қазақстан Республикасы

    Үкіметіне мiндеттi сертифи.
    каттауға жататын тамақ және
    жеңiл өнеркәсiп тауарларының
    тiзбесi жөнiнде ұсыныс енгізу
 

Ескертпе: Шараларды заңдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 7.01.97 ж., № 14 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Заң жобасы жұмыстарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.