Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік нышандары туралы" Конституциялық заң күшi бар
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Заңы 1997 жылғы 30 маусым № 141-1
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 178-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
8-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасында:
"оның Аппаратының" деген сөздер "Премьер-Министр Кеңсесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік куәландыру кеңселерiнiң" деген сөздер алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |