Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 786
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегі № 621 қаулысы

Мемлекеттік құнды қағаздарды шығару мен оның айналысының тетiгiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 786 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 255-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

қаулының атауындағы және 1,2,3-тармақтардағы "мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi" деген сөзден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын;

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты және он екi ай болатын мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртібі туралы ережеде:

Ереженiң атауындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн", "мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер" деген сөздерден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын;

1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"МЕККАМ" атауы қазақ тілінде "Мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме" деп оқылады;

7-тармақта:

"резидент еместердiң қатысу үлесiн" деген сөз алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"резидент еместердiң аукциондарға қатысу үлесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды."

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi