Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты
тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 15 қараша № 1392 Қаулысы

 

ҚР 2008 жылғы 12 мамырдағы № 439 Қаулысымен күші жойылды

 

Жапония Үкіметімен және оның iскер топтарымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды жандандыру, Жапонияға үкiмет делегациясының сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі практикалық шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-жапон үкiметаралық комитетiнiң қазақстандық бөлiгi қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

2. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-жапония үкiметаралық комитетiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жауапты деп белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымын жасау кезiнде орталық аппарат қызметкерлерiнiң белгiленген саны шегiнде дербес бөлiм құруды көздесiн, оған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-жапон комитетi хатшылығының функциясын жүктесiн.

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп (Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiмен байланыса отырып) 1996 жылдың 1 желтоқсанына дейiн 1997 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі iс-қимыл жоспарын әзiрлесiн.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы министрлігі жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет аппаратының құрылымында Жапония Үкіметі мен оның қаржы ұйымдары тарапынан ресми даму көмегiн қолдау жөніндегі сектор болуын көздесiн.

5. Сыртқы iстер министрлігі Қаржы министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшiлiгiнiң саны мен құрылымын айқындау кезiнде Елшiлiк құрамында Жапония мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөнiнде арнаулы бюро құруды көздесiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1996 жылғы 15 қарашадағы

№ 1392 қаулысына

қосымша

 

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі

қазақстан-жапон комитетiнiң

ҚҰРАМЫ

 

     Шүкеев Ө.Е.          - Қазақстан Республикасының Экономика
                            министрi, төраға
     Ертiлесова Ж.Ж.      - Қазақстан Республикасының Экономика
                            министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                            төрағаның орынбасары
     Храпунов В.В.        - Қазақстан Республикасының Энергетика
                            және көмiр өнеркәсiбi министрi
     Балғымбаев Н.Ө.      - Қазақстан Республикасының Мұнай және
                            газ өнеркәсiбi министрi
     Оспанов Х.А.         - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
                            және сауда министрi
     Дәукеев С.Ж.         - Қазақстан Республикасының Геология
                            министрi
     Қалмырзаев С.С.      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                            мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік
                            комитетiнiң төрағасы
     Iзтiлеуов Б.I.       - Қазақстан Эксимбанкiнiң төрағасы
     Мыңбаев С.М.         - Қазақстан Республикасы Қаржы
                            министрiнiң орынбасары
     Сәйденов А.          - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                            Банкi төрағасының орынбасары
                            (келісім бойынша)
     Қанапиянов С.М.      - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
                            Аппараты Сыртқы байланыстар
                            бөлiмiнiң меңгерушiсi