Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562
қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 31 қазандағы № 1320 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

Мемлекеттік мүлiктi сату жөніндегі саудаластықты өткiзуге байланысты қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі Ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөніндегі Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 19, 166-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

11-мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Мiндеттемелерi кәсiпорынның активтерiнiң құнынан асқан жағдайда кәсiпорынның бастапқы бағасы кәсiпорын активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсiпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)";

14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Егер мiндеттеме кәсiпорынның құрылымдық бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнынан асқан жағдайда бастапқы баға кәсiпорын бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсіпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)";

19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"90 проценттен аса тозған негiзгi құралдар негiзгi қорларды ұлғайту коэффициентiн ескере отырып, баланстық қалпына келтiру құнының 10 процентi мөлшерiнде бағаланады";

III бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"III. Саудаластықта сату кезiнде шаруашылық серiктестiктерi акцияларының мемлекеттік пакеттерiн және жарғылық қордағы үлестерiн бағалау";

мынадай мазмұндағы 3-бөлiмшемен толықтырылсын:

"3. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау.

30. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау үшiн осы Ереженiң 26-тармағына сәйкес акциялардың есеп айырысу құнын (АЕҚ) айқындау формуласы бойынша алынған шаманы серiктестiктiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң проценттiк шамасына көбейтiп, 100%-ке бөлу керек".

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бiрiншi орынбасары