Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 28 тамыз № 1060

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:

1. "Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қаңтардағы № 35 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесi туралы ережедегi:

18-тармақтағы "Бас прокуратурасына" деген сөзден кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiне, Мемлекеттік тергеу комитетiне" деген сөздермен толықтырылсын; сондағы "Бас кеден басқармасы мен Салық милициясы басқармасына" деген сөздер "Кеден комитетiне, Салық милициясы басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

ҚР Үкіметінің 03.08.00 ж. № 1176 қаулысымен 2-тармақ күшін жойды

2.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi